Жаңа туған нәрестеге құлаққа жағымды көркем есім қою – әр ата-ананың жауапты міндеті. Көпшілігі ел арасында кең таралған заманауи есімдерді қойып жатса, енді біреулер ұлы тұлғалар мен ата-бабаларының есімін бергенді жөн көреді. Бородулиха аудандық Қарбай мешітінде Ислам және дәстүр құндылығы бойынша сәбиге азан шақырып ат қою рәсімі орындалды.
– Шариғатта, жалпы қазақтың дәстүрінде бала дүниеге келгенде жасалатын жөн-жоралғылар бар. Оның бірі сәбиге көркем есім қою. Баланың атын ата-анасы, атасы, әжесі, немесе әулеттегі құрметті ақсақал, не болмаса танымал тұлғаға қойғызады. Дінімізде бала туылғаннан соң жетінші күні есімі беріледі. Десе де қатып қалған қағида жоқ үш немесе бес күннен кейін қоя берсе де рұқсат. Сол күні ақиқа құрбандығы шалынады. Ақиқа — перзент нығметі үшін Алла тағалаға шүкір ету мақсатында мал сою, — деп атап өтті аудандық Қарабай мешітінің бас имамы Әріпжан Қожанұлы.
Ә. ЖАҚЫП,
«Жаңа уақыт»