• RU
Суббота, 7 июня, 2025
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БОРОДУЛИХАЛЫҚ БАТЫРДЫҢ ДЕРЕКТЕРІ ТАБЫЛДЫ

02.04.2025
in Жаңалықтар
БОРОДУЛИХАЛЫҚ БАТЫРДЫҢ ДЕРЕКТЕРІ ТАБЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде еліміз ІІ дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығын кеңінен атап өтуге осы бастан кірісіп кетті. Бұл үрдістен Абай облысындағы Бородулиха ауданы да тысқары қалған жоқ. Мәселен, ауданға қарасты Зубаир ауылының тұрғындары 1939-1945 жылдары етігімен от кешкен батыр аталарының есімдері ескерусіз қалмас үшін зұлмат күндері хабар-ошарсыз кеткен жерлестерінің тағдырын анықтау мақсатында «әскери-патироттық іздеу» жұмыстарын қолға алды.

Зубаир ауылынан Ұлы Отан соғысына аттанып, туған жерге оралмаған жүзден аса боздақтың аты-жөндері ойып жазылған ескерткіш қаншама ел-жұрт батырлардың ерліктеріне тағызым ететін қастерлі орынға айналды.
Осы ауылдың тумасы, өлкетанушы, тарихшы-ұстаз Баймұхамет Айтуғанов ұзақ жылдан бері өз әкесінің кезінде хабар-ошарсыз кетті деп саналған аға-інілері Оразғали, Ғалиакбар, Қабнұр (ағасы Бостанның ұлы) Сүйіндіковтің ерлікпен қаза тапқаны жөніндегі дерекке қол жеткізе алды.
Бұл арада атап айтатын бір жайт Ахметқали Сүйіндіков 1950-ші жылдардан бастап ағасына іздеу салып, КСРО кезінде Подольск Орталық әскери архивінен екі мәрте тек хабар-ошарсыз кетті деген жауап алып, көңілі құлазып, ағасының қабірін таба алмағаны үшін өкінішпен өмірден озған еді. Бірақ әкесінің көңіліндегі асыл арманын орындау үшін артында қалған ұлы Баймұхамет 2020 жылдан бастап қаһарман атасының өмірдерегіне қолжеткізу үшін РФ әскери архивтері мен түрлі мекемелеріне сұрау салды.
«Іздеген жетер мұратқа» дегендей биыл, яғни, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ағамыз Оразғали Сүйіндіковтің кеңес-неміс соғысындағы қай майданда шайқасып, қай жерде ерлікпен қаза тапқаны жөніндегі нақты дәйекті дерекке қол жеткізе алды. Осылайша, Баймұхамет ағамыздың бес жыл бойғы тынымсыз да, қажырлы ізденісі өз жемісін берді десекте болады. Енді осы 5 жыл бойғы ізденістің қалай болғаны жөнінде ағамыздың сөзіне кезек берейік:
— Ең бірінші атамның дерегін білу үшін Бородулиха ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Жеңіс Әсетқазыұлына жолықтым. Істің мәнісін білетін Жеңіс інім бірден мені жылы қабылдап, дереу Абай облыстық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қоңырау шалды. Ол жақтығылар бізге құжатымызды өздеріне жіберуді сұрады. Құжатты бізден алғаннан кейін облыстағылар оны Ресейдің Подольск Орталық әскери архивіне жолдады. Менің ізденісімнің сәтті болуына 1941-1945 жж. кеңес әскерлерінің аты-жөндерінің компьютерілік дерек қорда бірізге түсуі сеп болды. Және менен Ресей жағы туыстығымды дәлелдеуді талап етті. Мен өз тарапыман олар сұраған құжаттардың бәрін жібердім. Нәтижесінде, кезінде өз әкем талай жыл іздеп таба алмаған құжатқа бір жылдың ішінде қол жеткіздім. Ендігі мақсатым атамның басына барып, туған жерінің топырағын салып қайту болып отыр.
Иә, ағамыздың ыждаһаттықпен жинаған Сүйіндіковтер әулетінің латын жазуымен жазылған 1937 жылғы құжаты көзімізге оттай басылды. Ұлы Отан соғысына бір шаңырақтан аттанған үш азаматтың хабар-ошарсыз кетуі артында қалған ұрпақтары үшін өте ауыр. Енді міне сол арыстардың бірінің қаза тауып, жерленген жерінің табылуы дәтке қуат болып отыр. Сонымен біз барған шақта Баймұхамет аға өзіне Ресейден келген мына деректі ұсынды:
«Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің орталық мұрағаты» федералдық мемлекеттік қазыналық мекемесі
Мұрағаттық анықтама
Қызыл әскер Суендуков Оразғали, 1909 жылы туған, туған жері көрсетілмеген, 1944 жылғы үй мекен-жайы: Семей облысы, Белағаш ауданы, Өрнек колхозы, 1 атқыштар ротасының 951 атқыштар полкінің 265 атқыштар дивизиясының пулеметшісі (әскери атағы, мекен-жайы, лауазымы, әскери бөлімі құжатта осылай), 951 атқыштар полкінің 26.06.1944 жылғы № 013/н бұйрығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Марапаттау туралы басқа мәліметтер жоқ.
Негіздеме: МҰ ОА, марапатталғандарды есепке алу картотекасы.
Үзінді құжат мәтінін сақтай отырып берілді.
Сақтау (мұрағаттық) бөлімі бастығының орынбасары.

А. Черкашин

Жақында Баймұхамет ағамыз тағы бір қуанышты хабарға жолықты. Атап айтар болсақ, ШҚО Өскемен қаласындағы Ресейдің Бас консулы Алан Александрович Хетагуровтан шақырту алды. Шақыртуға себеп болған жайт кезінде иесіне табыс етілмеген «За отвагу» медалінің куәлігін артында қалған ұрпақтарына табыс ету. Ағамыздың жолы Өскеменге түсіп, атамыз кеудесіне таға алмай кеткен медалінің куәлігін өз қолымен көзіндей көріп алып қайтты.
Куәлікті алғаннан соң, ағамызды тағы бір қуанышты хабар күтіп алды. Қанды қырғыннан қайтпай қалған боздақтың жатқан жерін тауып, оның фотосын түсіруге аталған ауданда тарих пәнінің ұстазы, Новопокровка орта мектебінің директоры Арман Мұқанов жетекшілік ететін «Ерлік-Даңқ» іздеу-зерттеу тобы да көмектесті.
Тоқтала кетсек, Арман Мұқанов 20 жылдан астам уақыт бойы Бородулиха (бұрынғы Белағаш) ауданынан майданға аттанып қайтпай қалған жауынгерлер жерленген жерлерді іздеп табумен айналысып келеді. Ағамыз Арман бауырына атасының жатқан жерін тапқанын қуана хабарлаған шақта, ол жерленген жердің координатын беруді сұрапты. Осылайша Арман ағамыздан алған деректі өзінің ресейлік әріптесі Лодейпольский ауданындағы «Переправа» іздеу тобының жетекшісі Владимир Юрьевич Соколовқа жолдап, нәтижесінде Оразғали Сүйіндіков жерленген бауырластар зиратының фотосуреті ағамыздың қолына тиіпті.
Кезінде бір Одақтың құрамында болған елдер арасындағы бауырластық қарым-қатынастың әлі де сызат түспей сақталынып отырғанын осы бір ағамыз бастан өткерген оқиғадан-ақ аңғаруға болады десек қателеспейміз.
Республикамызда ғана емес, Абай облысы бойынша Жеңістің 80 жылдығын лайықты қарсы алу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар өз жалғастығын таба береді деген сенімдеміз.

Гүлбиеке СҮЙІНДІКОВА

Жаңалықтар

Өзекті мәселелер талқыланды

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – қашан да өзекті

Көл жағалауындағы сенбілік

Шаттық мерекесі

Белый порох под ногами: почему тополиный пух — не безобидная пыльца, а причина пожаров

Где живет добро

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Абаттандыру
  • Августовская конференция
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ата заң
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Байқау
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Дело чести
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Диалог с народом
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел қорғаны
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфраструктура
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Культурный код
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қоғам
  • Қоғам және заң
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдениет
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отандық өнеркәсіп
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өнер
  • Өңір
  • Памятная дата
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Полиция бөлімінен
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Рабочая повестка
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Социальная защита
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.