• RU
Воскресенье, 1 июня, 2025
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Ресми сапар

Бородулихадағы берекелі істер

14.05.2025
in Ресми сапар
Бородулихадағы  берекелі істер
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Бородулиха ауданына келді. Абай облысы әкімдігінің хабарлауынша, аймақ басшысы сапары барысында аудандағы шаруа қожалықтарының жұмысымен танысып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Камышенка орманшылығының техникалық базасымен танысып, орманшылармен кездесті.

Көктемгі дала жұмыстары қарқынды

Аймақ басшысының сапары «Лазарев и К» шаруашылығының егіс алқаптарын аралаумен басталды.
Өсімдік және мал шаруашылығын қатар дамытып отырған «Лазарев и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің иелігінде 13 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері бар. Биыл оның 10 мың гектарына егін егіледі. Майлы дақылдарды терең өңдеуге ден қойып отырған серіктестік күнбағыс майын Қытайға экспорттайды. Қазіргі таңда көктемгі дала жұмыстары қызу жүріп жатыр. Егін науқанында 4000 гектарға күнбағыс, 600 гектарға зығыр және рапс егілмек. Өнім сапасын арттыру үшін серіктестік заманауи технологияларды да қолданады. Рапсты дронмен себу тәсілі сынақ ретінде іске асырылған. Келер жылы сәуір айында ылғал толық кетпей тұрып, осы әдіспен рапс егу көзделіп отыр. Ұсақ дәнді дақылдарды егуге арналған арнайы техника да сатып алыныпты.
Егін шаруашылығымен қатар мал шаруашылығын, оның ішінде тауарлы сүт фермасын дамытып отыр. Сүтті терең өңдеуді дамыту мақсатында шаруашылық 420 сауынды сиыр алған. Қазіргі таңда мұнда 1500 бас ірі қара бар. 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Тұқымдық өңдеу мен органикалық тыңайтқыш енгізу жүйесі жолға қойылған. Қытай мамандарымен бірлесіп, күнбағыс буданын алу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Облыс әкімі шаруашылықтың жұмыс процесімен танысып, заманауи үлгідегі «К 700» тракторына отырып, егіс алқабын аралап көрді.
Жалпы биыл Бородулиха ауданында 320 мың гектар алқапқа дән себу жоспарланып отыр.

Заманауи технология – табыс көзі

Облыс әкімі Берік Уәли ауданға жұмыс сапары барысында «Новая Заря» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.
2007 жылы құрылған серіктестік аудандағы алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың бірі. Негізгі бағыты – өсімдік шаруашылығы мен сүт бағытындағы ірі қара өсіру. Серіктестікте 120 адам еңбек етеді. Былтыр 7665 гектарға егін ексе, биыл бұл көрсеткішті 8 мың гектарға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Шаруашылық техника паркін үнемі жаңартып отырады. Соңғы 2 жылда техника алуға 800 миллион теңгеге жуық инвестиция салған.
Мұнда симменталь тұқымды сиырлар өсіріледі. Сүт фермасында шведтік «DeLaval» компаниясының заманауи қондырғысы орнатылған. Жобаға шаруашылық тарапынан 380 миллион теңге жеке қаражат жұмсалған, мемлекеттік бағдарламалар арқылы 58 миллион теңге берілген.
Аймақ басшысы егістікпен айналысатын шаруашылықтарда жүзеге асырылған жобаларды жоғары бағалап, заманауи технологияларды енгізу бағытындағы жұмысты жалғастыру керектігін атап өтті.
«Бородулиха — өңіріміздегі егіс шаруашылығы дамыған аудандардың бірі. Бүгін осы бағытта жұмыс істеп жүрген шаруашылықтардың жұмысымен таныстым. Бұл серіктестіктер заманауи технологияларды қолдануымен ерекшеленеді. Жаңа техникалар да жеткілікті. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек. Облыс әкімдігі тарапынан тиісті қолдау көрсетіледі» деді облыс әкімі.

Шикізатты қайта өңдеу – ауыл шаруашылығының келешегі
Облыс әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданына жұмыс сапары барысында «Е.Зайтенов» шаруа қожалығының өндірістік кешендерін аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
2001 жылы құрылған шаруашылық бүгінде 14 мың гектарға жуық жерді игеріп отыр. Оның басым бөлігі – егістік алқабы. Өткен жылы шаруашылық 4 895 тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақыл, 3 043 тонна күнбағыс жинады. Мұнда 1400-ге жуық ірі қара өсіріледі, оның 400-ден астамы – сауынды сиыр. Жылына 124 тонна ет және 1893 тонна сүт өндіріледі.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу толық жолға қойылған. Ет, сүт өнімдерін өндіретін толық циклді инфрақұрылым қалыптасқан. Шаруашылықтың өз
наубайханасы бар. Ірі қараның симменталь тұқымын асылдандыру бағдарламасы да жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Шұжық цехында күніне жалпы салмағы 200 келіге дейін 13 түрлі өнім дайындалады. Сүт өңдеу желісі де қарқынды жұмыс істейді. Мұндағы қаптамалы сүт, түрлі майлылықтағы қаймақ, сары май және «Гауда» ірімшігі Семей мен аудан халқы арасында жоғары сұранысқа ие. Ивановка ауылында орналасқан сүт өңдеу цехында айына 2500 келі ірімшік пен 3 500 келі қаймақ дайындалады. Бүгінде қожалықта 140 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Облыс әкімі шаруашылықтың шикізатты қайта өңдеу бағытындағы жұмысын жоғары бағалады.
«Шикізатты қайта өңдеу – ауыл шаруашылығының келешегі. Бізге шикізатты ғана емес, дайын өнімді де көбірек өндіру қажет. Облыстағы көптеген шаруа қожалықтарында толық цикл жоқ. Мысалы, астық өндірсе одан өнім дайындамайды немесе сиыр сауады, одан сүт өнімдері дайындалмайды. Ал мұнда шикізаттан бастап, дүкен сөресіне дейінгі үдеріс толық қамтылған. Сондықтан мұндай кешендерді әр ауданда дамытуымыз қажет. Әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетілетін болады», – деді аймақ басшысы.

Қолжетімді
медициналық көмек

Облыс әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысандарда болды.
Аймақ басшысы Жаңа Шүлбі ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға барды. Медициналық мекеме «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында бой көтерген. Заманауи талаптарға сай салынған нысан қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Мұнда 17 адам жұмыс істейді. Нысан аумағы абаттандырылып, бейнебақылау камералары орнатылған. Күндізгі стационар бөлімшесінде 10 төсек орны қарастырылған. Бір ауысымда 25 адамға дейін қабылдай алады.
Республикалық жоба аясында былтыр ауданның 3 елді-мекенінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталған.
— Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан жоба аясында облысымыздың елді-мекендерінде жаңа медициналық мекемелер пайдалануға беріліп жатыр. Жаңа Шүлбідегі дәрігерлік амбулаторияда науқастарды қабылдайтын кабинеттер заманауи құралдармен жабдықталған.
Енді ауыл тұрғындары қалаға бармай, өз ауылдарында сапалы медициналық көмек алады», – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі Бородулиха ауданындағы балаларды қолдау орталығына барды

Ерекше балаларға ерекше көзқарас
Облыс әкімі Берік Уәли ауданға жұмыс сапары барысында Жаңа Шүлбі ауылындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тыныс-тіршілігімен танысты.
2005 жылы құрылған мекемеде 3 жастан 18 жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуында жеңіл ауытқулары бар 52 бала тәрбиеленіп жатыр. Мұнда оларға кешенді арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Орталықта 70-ке жуық маман жұмыс істейді.

Ғимаратта педагог-психолог кабинеттері, хореография, жаттығу залдары, медициналық пункт және «Орман жиегі» деп аталатын жазғы сауықтыру алаңы бар. 20-дан астам шығармашылық және спорттық үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылған. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары орнатылған.
Аймақ басшысы мекемені толық аралап, мұндағы қызметкерлермен, тәрбиеленушілермен пікірлесті. Балалардың өнерін тамашалап, оларға сыйлық табыс етті.
Облыс әкімі мекеменің тәрбиеленушілерімен бірге ғимараттың ауласына шырша көшеттерін отырғызды.
Аймақ басшысы ағаш отырғызу сынды шараларға балалардың қатысуының маңызды екенін атап өтті.
-Бүгін Жаңа Шүлбі ауылында балалармен бірге ағаш көшеттерін отырғызу шарасына қатыстым. Тазалық акцияларына жасөспірімдердің, оқушылардың да атсалысуы маңызды. Біз осылайша тазалық мәдениетін қалыптастырамыз. Президентіміздің бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» бағдарламасы облыстың әр елді-мекенінде іске асырылып жатыр. Өңірімізді көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасады» деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, өңірде 5 сәуірде жалпыөңірлік тазалық акциясы басталған болатын.
Содан бері облыстың қала-аудандарында ауқымды жұмыс атқарылды.Осы уақытқа дейін 77 мың аула, 955 саябақ, 306 ескерткіш, 595 су айдыны, 20 816 метр арық және 58 субұрқақ маңы тазартылды. Полигондарға 20 мыңнан астам тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.

Орманды қорғау – парыз
Облыс әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданына жұмыс сапары аясында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына қарасты Камышенка орманшылығының жұмысымен танысты. Орманшылармен пікірлесіп, мекемедегі техникаларды көрді.
Камышенка орманшылығы жерінің жалпы ауданы 20 111 гектарды құрайды. Оның 18 579 гектары — орман алқабы. Орманшылық иелігінде бір кеңсе, типтік орман өрт сөндіру станциясы, өрт-бақылау мұнарасы, арнайы автотракторлық техника мен бірнеше өрт сөндіру көліктері бар. Қазіргі уақытта мұнда 15 қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ, 18 адамнан тұратын жеке құрам бар.
Облыс әкімі орманшылардың табиғатты қорғау бойынша атқарып жатқан еңбектерінің ерекше екенін атап өтті. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға қатысты жұмыстардың жалғасатынын айтты.
-Орманды қорғау, табиғатты аялау әрбір азаматтың парызы деп санаймын. Орманшылардың атқарып жүрген жұмысы өте маңызды. Олар табиғатты қорғап, өрттің алдын алып, үлкен жауапкершілікпен еңбек етіп жатыр. Жергілікті әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетеміз. Табиғатты сақтау, қорғау бәріміздің ортақ міндетіміз», – деді аймақ басшысы.

Ай-Көркем МАҚЫШ,
«Жаңа уақыт»

Жаңалықтар

Как избежать пожара при приготовлении пищи на открытом огне

Осторожно: начинается купальный сезон!

След из прошлого: раскрытие преступления в Зенковке

Работники культуры Бородулихинского района отмечены на областном уровне

Пополнение автопарка ПЧ-12 села Бородулиха

Прощание со школой

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Абаттандыру
  • Августовская конференция
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ата заң
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Байқау
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Диалог с народом
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел қорғаны
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфраструктура
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Культурный код
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қоғам
  • Қоғам және заң
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдениет
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отандық өнеркәсіп
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өңір
  • Памятная дата
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Полиция бөлімінен
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Рабочая повестка
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Социальная защита
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.