Өткен сенбіде облыс орталығы Семей қаласында ауыл шарашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. «Северный» сауда орталығында өткен шараға Бородулиха ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты.
Сөрелердегі тауарлар нарықтағы бағадан 10-20 пайыз төмен бағада ұсынылып, облыс орталығының тұрғындарына қолжетімді бағада таза, табиғи өнім алуға мүмкіндік жасалды. Әсіресе, ет өнімдеріне сұраныс ерекше болды. Бородулиха ауданынан жәрмеңкеде 600 келі жылқы еті, 2500 келі сиыр, 50 келі тауық еті және 350 келі қой еті саудаланды. Сонымен бірге, сүт және ұн өнімдері де үлкен сұранысқа ие болғандығын айта кетсек болады.
Өз тілшіміз