Әр адамның өмірінде кем дегенде бір рет валюта айырбастау қажеттілігі туындайды. Біз әдетте мұндай жағдайларда айырбастау пункттерінің қызметтерін пайдаланамыз. Қазақстанда айырбастау пункттерін екінші деңгейдегі банктер, «Қазпошта» АҚ, сондай-ақ банктер болып табылмайтын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы бар Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары ашуға құқылы.
Қыркүйек айының ортасынан бастап Бородулиха ауылында, Halyk Bank-тің Бородулиха аудандық бөлімшесінде айырбастау пункті жұмысын бастады. Ол қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша барлық операцияларды жасайды. Мұнда АҚШ долларымен және Ресей рублімен жұмыс істеуге басты назар аударылады, өйткені дәл осы валюталар жергілікті халық тарапынан үлкен сұранысқа ие.
Егер Сізге қолма-қол валютаны сату немесе сатып алу қажет болса, біз Сізді Бородулиха ауылы, Ф.Середина көшесі, 38 мекенжайында күтеміз. Біз жылдам әрі ыңғайлы қызмет көрсетуге, сенімділікке және операцияларыңыздың толық қауіпсіздігіне кепілдік береміз.
Баян Калигожина