• RU
Пятница, 9 мая, 2025
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Өзекті

Балаңыз телефонға тәуелді ме?

15.01.2025
in Өзекті
Балаңыз телефонға  тәуелді ме?
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі күннің баласы әріп танымаса да ұялы телефонның тілін біледі. Алисамен әңгімелесіп, қажетті ақпаратын тауып алады. Алғашында ата-анасы тынышталуы үшін қолына ұстатқан смартфон оның құмарлығына айналып бара жатқандай. Schoolboy runaway, Roblox,Toce World, Boba DIY, Minecraft сынды желілік ойындар тұрғанда бүгінгі балаларға бір кезде біз ойнаған асық пен доп қызық болмай тұр.

— Жоқ дедім… Уақытың аяқталды!
Телефонның ар жағынан баланың өктем дауысы шықты:
— Онда мен ертең сабаққа бармаймын, сабақ оқымаймын. Қосшы, ең қызықты жеріне келдім…
Үйде қалған 9 жасар ұлының шағымын, мүмкін, бұйрығын дегенім дұрыс болар, үнсіз тыңдаған келіншек телефонын шұқи бастады…
Бұл — бірер апта бұрын қалалық емханалардың бірінде болған жағдай. Дәрігерге кезекте отырғанбыз. Кенет жанымда отырған келіншекке баласы қоңырау шалды. Баланың дауысы анық естіліп тұр. Тұтқаны қойған соң, баланың неге анасына дауыс көтергенін білгім келіп, келіншекті сөзге тарттым. Терең күрсінген ана:
— Несін жасырайын, ұрпағымыздың тәрбиесін бір жапырақ телефонға тапсырып қойғандаймыз. Өзіміз жұмыстамыз. Сабақтан тыс уақытта бала үйде. Қайта-қайта хабарласып, не істеп жатқанын бақылап қоймасаң, ойынға беріліп, уақыттың қалай өткенін аңғармай қалады. «Ата-ана бақылауы» бойынша ойындарға шектеу қойғанмын. Берілген уақытты аз көріп, уақыт қосуымды сұрап тұр,- деді.
Бұл — бір отбасының емес, тұтас қоғамның мәселесі. Барлығы болмаса да, балалардың басым көпшілігі ойыншықты ысырып тастап, желілік ойындарға ден қойғаны рас. Ата-анасы бір ауыз орысша сөйлемесе де, үйдегі кішкентайлары бұл тілді еркін меңгерген отбасыларды көріп жүрміз. Қолына телефон ұстаған бала қазақ тілді контентті қарап отыр деп айту қиын. Бәрінен бұрын баланың психикасы мен психологиясының өзгеруі, ата-анаға қоқан-лоққы көрсетуі, ойынға беріліп алғандықтан басқа жағдайды салмақтай алмауы — қорқынышты жағдай.
Психологтердің айтуынша, бұл – лудомания. Проблемаға дер кезінде көңіл аударылмаса, «қолымды мезгілінен кеш сермедім» деп өкінеріміз анық.
— Лудомания – құмар ойындарға деген шектен тыс тәуелділік. Бұл термин көбінесе ересектерге қатысты қолданылғанымен, соңғы жылдары балалар мен жасөспірімдер арасында да өзекті мәселеге айналып отыр. Дерттің балалар арасында кеңінен таралуына онлайн ойындардың қолжетімділігі және жарнамалардың көптігі ықпал етуде. Ол оқу үлгерімінің, психикалық денсаулықтың нашарлауына, әлеуметтік оқшаулануға, өмірлік құндылықтардың бұрмалануына әкеледі. Лудоманияға бейім балалар көбіне шынайы өмірдегі достарымен араласуды қояды, өйткені олардың назарлары тек ойынға бағытталады,- дейді Абай облысы білім басқармасының Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы директорының міндетін атқарушы Индира Тагиева.
Мақаланы дайындау барысында әлеуметтік сауалнама алып, 20 адамның пікірін сараладық. Сауалнамаға қатысқандардың пікірінше, қазіргі күні асық атып, ләңгі теуіп, ағашты ат қылып мініп ойнап жүрген баланы кездестіру қиын. Бірер жыл бұрын ертегі тыңдамаған, Ер Төстікті білмейтін ұрпақ Ben-10, Batman, Маша болып ойнап жүргенін сынға алушы едік. Қазіргі күні балалар ойыншықтың орнына телефондарына тариф құйып беруді сұрайды екен. Тіптен балаларға арналған ойын-сауық орталықтарына барудан гөрі, үйде қалып, желілік ойындар ойнауды қалайтындар да бар.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, желілік ойын қолданушыларының саны жыл санап артып келеді. Ойын қосымшасын ойлап табушылар да қолданушылардың қызығушылығын ояту мақсатында небір құйтырқы әрекеттер ойластырады. Ату, шабу, жарып жіберу арқылы жеңіске жетуге, бірін-бірі қатыгездікпен жазалауға үйретеді. 9 жасар баланың жейдесімен құрбысын буындырып өлтіруі, бастауыш сынып оқушысының террорист болуды армандауы сол ойындардың жемісі емей, немене? «Standoff 2» және «Counter-Strike», «A War Story», «Black Fire» ойындары «террорист» болудың «қыр-сырын» меңгертеді. «Разбуди меня в 4:20», «Море китов», «Красный дельфин», «Млечный путь», «U19», «F57», «SchoolBoy RunaWay ойындары да бала психологиясына айтарлықтай әсер етуде.
Мәселен, «SchoolBoy RunaWay» ойынына 1 жылдың ішінде 10 мыңнан астам адам тіркеліпті. Ойын сюжеті оқу үлгерімі нашар Андрей есімді оқушының айналасында өрбиді. Баласының бағасына алаңдаған анасы сабақ оқысын деген ниетпен үйден шығармай қояды. Бұны жаза деп түсінген Андрей үйден қашпақ болады. Сюжет бойынша, ата-ана жауыз адамдарға айналып, нашар оқушы батырдың рөліне енеді. Мақсатына жету үшін басты кейіпкер есік-терезе немесе шатырға шығу арқылы қашуы керек.
Бұдан бөлек, жасөспірімдердің санасына зорлық-зомбылықты, дәстүрлі сенімімізге қайшы нанымдарды, азғындықты құйып жатқан ойындар да аз емес. Психологтер мұндай ойындардың жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайының нашарлауына әкелетінін, мазасыздықты, депрессияны тудыратынын және тіпті суицидтік ойлардың қалыптасуына ықпал ететінін растайды.
Тапжылмай ұзақ уақыт көгілдір экран немесе смартфонда отыру көру қабілетінің нашарлауына себеп болып, мінез-құлықтың өзгеруіне әсер етіп қана қоймай, ой-өрістің дамуын шектеп, тірек-қимыл аппаратының бұзылуына да әкеледі.
— Жаз кезі. Балалар үйде қалатын. Қолдарында телефон. 10 жасар ұлымның көзі өздігінен жиі-жиі жыпылықтайтынды шығарды. Одан кейін аяғы өздігінен қозғалып, артынша қолы да қимылдай бастады. Ұлымның дене мүшелерінің өзіне бағынбайтынын байқағанда зәрем ұшты. Өзі де шошып кетті. «Мама, көмектесші!»- деп шырылдады. Бірінші невропатолог дәрігерге бардық. Дәрігер смартфон пайдалану уақытын шектеуді тапсырып, басына ультрадыбыстық зерттеу жасату керектігін айтты. Ультрадыбыстық зерттеу баламның бас сүйегіндегі тамырлар қысылып қалғанын көрсетті. Бұл гаджеттің әсерінен болған. Содан бері 3 ай өтті. Дәрігердің бақылауындамыз. Смартфон пайдалану уақытын шектедік. Денсаулығы қалпына келді. Қайта ауырып қалудан қорыққандықтан баламның желілік ойындарға әуестігі басылды,- дейді Арайлым (есімі өзгертілген) есімді қала тұрғыны.
Психологтің айтуынша, Абай облысында екі жасөспірім лудомания бойынша есепте тұр. Балалардың ата-аналары өздері хабарласып, психологтердің көмегіне жүгінген. Қазіргі таңда екеуінің де жағдайы жақсарған. Байқағанымыздай, ойынқұмарлықтың басты себебі бала уақытының дұрыс жоспарланбауында.
— Онлайн ойындардың қолжетімділігі, жарнама мен маркетинг, бала психологиясындағы ерекшеліктер ойынқұмарлыққа алып келуі әбден мүмкін. Оның алдын алу үшін ата-аналар балаларды бақылап, олардың қызығушылығын үйірме, қосымша сабақ сынды басқа бағыттарға бұруы керек. Осы орайда қала мектептерінде Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы тарапынан ата-аналармен, оқушылар және білім беру ұйымдарымен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылады. Қоғамда өзекті болып отырған буллинг, өзіне-өзі қол жұмсау, асоциалды мінез-құлық, лудомания, зорлық- зомбылық сияқты келеңсіз жағдайлардың алдын алуға байланысты ақпараттар беріліп, оқушылармен, педагогтермен топтық тренингтер өткізіледі, орталықтың әдіскер-психологтері сұраныс бойынша жекелей кеңестер береді,- деген Индира Тагиева білім беру ұйымдарында кешенді шаралар жүргізілгенімен, негізгі салмақ ата-анаға түсетінін, бала уақытын тиімді ұйымдастыра білу қажеттігін айтты.
Тағы бір мәселе – бала күнгі тәуелділік дер кезінде тыйылмаса, есейгенде зардабын тартқызары анық. Психологтердің айтуынша, алдарына келген науқастардың кейбірі бала күнінен желілік ойындарға әуес, тәуекел етуге бейім болған. Дегенмен бәс тікпей-ақ ойынқұмарға айналғандар да аз емес.
— Бауырым «атасының баласы» болды. Атамыз оның төбесінен құс ұшырмайтын. Таршылық көрген жоқ. Оқушы кезінде таңды таңға соғып, компьютерде ойын ойнайтын. Көше қаңғырып, бұзақылық жасамаса болды, үйде сабағын оқып, тыныш отыр деген оймен қарт та, бөлек тұратын ата-анасы да бейқам еді. Бірнеше жыл бойы әлеуметтік желі мен интернет кеңістікті серік етіп, сол ортадан бақыт тапқан інім 20 жасында дертке шалдықты. Көз алдына әлдеқандай бейнелер елестеп, өздігінен сөйлеп, есінен адасып қалатынды шығарды. Бірер ай Семей қаласындағы психологиялық-неврологиялық орталықта емделді. Қазіргі таңда сауықты, психологиялық ауытқуы жоқ. Саналы түрде интернет ойындардан бас тартты. Бірақ бұл жағдай оның өз қатарынан қалмай жоғары оқу орнына түсіп, мамандық алуына қолбайлау болды,- дейді танысым Ержан Жантөре.
Бұл жағдайда да жасөспірімнің бақылаусыз қалуы, интернеттің қолжетімділігі және бос уақытының тиімді ұйымдастырылмауы себеп толып тұрғандай.
— Қанша жерден заман тынысын сезініп, көштен қалмауға тырысып жүрсек те, қазіргі технологияны игерудің кері әсері де бар. Балаларымыздың ұялы телефонға, смартфонға тәуелділігі — соның айқын көрінісі. Бүгінде әлеуметтік желі, ұялы телефон өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғаны түсінікті. Алайда отбасылық тәрбиеге келгенде оның маңызы бір басқа. Ұл өсіріп, қыз тәрбиелеп отырмыз. Олардың мектепке барып-қайтуы, сабаққа қатысуы үшін ұялы телефон керек, әрине. Бірақ әлеуметтік желідегі кейбір кереғар көріністерді көріп, соған қатысты мәселелер туындағанда еріксіз ойланасың. Балаларға ұялы телефонды орнымен қолдануды үйрету оңай болмай тұр,- дейді көп балалы әке Сәтжан Қасымжанұлы.
Қалай десек те, ғылым мен техника дамып, өмірімізге жасанды интеллект еніп жатқан кезеңде жас ұрпақтың қолындағы смартфонды алып, замана көшінен қалдыра алмаспыз. Дегенмен баланың уақытын тиімді ұйымдастыру, желідегі әрекетін бақылап отыру, пайдалы қосымшаларды қолдануды үйрету әрбір ата-ана үшін аса маңызды.

Ай-Керім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Жаңа уақыт»

Жаңалықтар

Майдангер сүйегі туған жерге жеткізілді

Аудан ахуалымен танысты

Татулық – біздің тірегіміз

Он вернулся домой спустя 80 лет: в Зубаире захоронили останки солдата Великой Отечественной войны

День единства – праздник, который объединяет сердца

Активная подготовка к празднованию Дня Победы

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Августовская конференция
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ата заң
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Байқау
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел қорғаны
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфраструктура
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қоғам
  • Қоғам және заң
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдениет
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өңір
  • Памятная дата
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Полиция бөлімінен
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Рабочая повестка
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Социальная защита
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.