Заң мен тәртіп идеологиясын жүзеге асыру мақсатында 2025 жылғы 8 тамызда Бородулиха ауданының прокуратурасы аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, «Dos Bol Like» жазғы сауықтыру лагерінде профилактикалық іс-шара өткізді.
Кездесу барысында балаларға заң мен тәртіптің негізгі қағидаттары түсіндіріліп, құқықбұзушылықтардың алдын алу жолдары жөнінде дәрістер оқылды. Сондай-ақ, суға шомылу және табиғат аясында демалу кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері кеңінен түсіндірілді.
Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, олардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі мазмұнды өткізуіне ықпал етеді.
Бородулиха ауданы прокуратурасының баспасөз қызметі