Бүгінгі таңда елімізде азық-түлік өндірісін ұлғайту және оның қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету өзекті мәселе болып тұр. Бородулиха ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының тұрақтылығын сақтау мақсатында нақты шаралар қолға алынуда.
Апта басында аудан әкімінің орынбасары Е. Селиханов пен аудандық мәслихат төрағасы С.Урашеваның қатысуымен бағаны тұрақтылығына байланысты жиын өтті.
Аудан әкімдігі тарапынан ауданда ішкі нарыққа талдау жасап, бағаларды негізсіз көтеру фактілерін алдын алу шаралары мен зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпкерлермен әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауардың құнын шекті бағадан асырмау жөнінде келісім жасалған. Сонымен қоса, тұрғындардың ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз, арзандатылған бағамен тауар өндірушіден сатып алуын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жәрмеңке ұйымдастырылады.
Тұрғындардың тұрмыс сапасының басты факторларының бірі – азық-түліктің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, бағаның тұрақтылығы мен оны тежеу жұмыстары. Баға бақылауда.
Ай-Көркем Мақыш,
«Жаңа уақыт»