Аудан әкімі Айдар Ибраев белгіленген кестеге сәйкес аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында елді мекендердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.
Бородулиха ауылдық округінің тұрғыны тұрғын үй кезегіне тіркелу және баспана алу мәселесіне қатысты өз сауалын қойды.
— «Биыл ауылда 12 екі пәтерлі үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Бұл үйлер пайдалануға берілгеннен кейін тұрғын үй кезегінде тұрғандардың мәселесі кезең-кезеңімен шешілетін болады» — деді аудан әкімі.
Сондай-ақ, Новодворов ауылдық округінің тұрғыны шағын орталықтағы кезекке қатысты өтінішін білдірді. Оған өтініштерді қабылдау «Indigo» порталы арқылы автоматтандырылған жүйеде жүргізілетіні түсіндірілді. Сонымен қатар, шағын орталықта орын босай қалған жағдайда өтінішті уақытылы беруге қажетті көмек көрсетілетіні айтылды.
Аудан басшысы азаматтардың әрбір өтініші назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, заң аясында шешім қабылданатынын жеткізді.
«ЖУ» ақпарат