• RU
Пятница, 9 мая, 2025
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Халық және билік

Аймақты абаттандыру – әрбір азаматтың міндеті

28.09.2023
in Халық және билік
Аймақты абаттандыру – әрбір азаматтың міндеті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында әр ауылдық округте тоқсан сайын кездесулер өткізіледі.

Жақында аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімінің Бородулиха ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесуге «AMANAT» партиясы филиалының міндетін уақытша атқарушы Гүлмира Бақдәулетқызы, дербес бөлімдердің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Бородулиха ауылдық округінің әкімі Бақыт Садықова ағымдағы жылдың 8 айында Бородулиха ауылдық округінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Апта сайын сенбі күндері демалыс күндерінің жәрмеңкелері өткізіледі, онда жергілікті тұрғындар ауылшаруашылығы өнімдерін сатуға мүмкіндік алады, нарық әртүрлілікке толы, жергілікті халық округтен тыс жерлерге шықпай-ақ, азық-түлік сатып алуға мүмкіндік алады.
Бұған қоса, округті абаттандыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Апта сайын «Таза жұма» акциясы өткізіледі, ұйымдар аумақты арамшөптер мен қоқыстардан тазартуға, бордюрды әктеуге, қолданыстағы балалар мен спорт алаңдарын бояуға шығады.
Көшелерді профильдеу, округ аумағындағы шұңқырларды бітеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, Успенка ауылының бағыты бойынша қиыршық тас жолын толтыру және грейдерлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, ҚТҚ полигоны мен мал қорымын тазалау жүзеге асырылды.
2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде республикалық бюджеттен Бородулиха ауданының кезекте тұрған азаматтары үшін жаңа тұрғын үй сатып алу үшін 192 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат бөлінді.
Бүгінгі таңда Бородулиха ауылында 10 үй (20 пәтер) көлемінде екі пәтерлі, бір қабатты үйлердің құрылысы жүргізілуде. Тапсыру мерзімі 2023 жылдың қараша айына жоспарланған. Үйлер 60-тан 85 шаршы метрге дейін болады, өйткені, олар негізінен, халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша кезекте тұрғандарға арналған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысының негізінде бұл үйлер сатып алу құқығынсыз жалға алу шарттарымен берілетін болады.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында 2021 жылы мынадай жобалар бойынша ЖСҚ сараптамасының оң қорытындылары әзірленіп алынды:
— «Бородулиха ауылындағы Абай көшесі, П.Н. Борков көшесі және Қазақстан көшесі бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу (электрмен жабдықтау, көшені жарықтандыру)». 2023 жылғы 14 қыркүйекке мердігер барлық жұмысты орындады, объектіні қосуға өтінім беру үшін құжаттама жиналуда.
— «Бородулиха ауылындағы Абай көшесі, П.Н. Борков көшесі және Қазақстан көшесі бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу (сумен жабдықтау, кәріз)».
Объективті себептерге байланысты, атап айтқанда, ИКИ (сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау, көшені жарықтандыру) объектілерінде техникалық қадағалау қызметін көрсететін ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдердің ұзаққа созылуы (конкурс қорытындыларына шағымдану) 2023 жылдың 18 шілдесінде ғана құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы МСҚБ хабарлама жіберуге мүмкіндік туды. Мердігерлік ұйым мынадай жұмыстар жүргізуде: 654,5 метр траншея әзірленді, диаметрі 200 мм 654,5 метр полиэтиленді гофрленген құбырлар төселді, 24 қарайтын кәріз құдықтары орнатылды, объектідегі жұмыстар жалғасуда. Пайдалануға беру мерзімі – осы жылдың қараша айы.

Бородулиха ауылында жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жобасын Семей қаласындағы «Семстройпроект ЖІИ» ЖШС әзірледі. Нысан — екі блоктан тұратын ғимарат. Біреуі — ұзындығы 25 м 5 жолға арналған жүзу бассейні, екінші блок — өлшемі 24х42 м көпфункционалды залы және әкімшілік бөлмелері бар ғимарат. Тапсырыс беруші – Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Нысанның құрылысы «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілуде. Мердігер ұйым – «СМУ ШЫҒЫС» ЖШС, Зайсан қ. дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша жұмыстар 2021 жылдың мамыр айында басталды. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылдың желтоқсанына ауыстырылды. Қазіргі уақытта құрылыс материалы бағасының қымбаттауына байланысты жобаны түзету жұмыстары жүргізілуде.
2023-2024 жылдарға жоспарланған жұмыстар: «Жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» жобасын аяқтау. Округ көшелеріне орташа жөндеу жүргізу, жұмыстарға смета 2022 жылы жасалды, биылдан бастап ЖСҚ әзірлеу қажет, қаражат қажет. КСХТ және Успенка ауылдары арқылы өтетін жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу (2023 жылы жергілікті бюджеттен тек жазғы ұстау шеңберінде ағымдағы жөндеуге қаражат бөлінді), трасса жағынан Знаменкаға жол деңгейін көтеру бойынша жұмыстар жүргізу. Қылмыс деңгейін және халықтың құқыққа қайшы әрекеттерін азайту мақсатында бейнебақылау камераларын орнату қажет (орнатуға смета бар, қаражат бөлу қажет. Сондай-ақ, АІІБ тарапынан Сергек жүйесінің камераларын орнату жоспарлануда). Бүгінгі таңда жергілікті бюджеттен Жеңіс саябағына үш күзетші бөлінді. Успенка, Барышовка, Поднебесное, Знаменка және Лесхоз ауылдарында байланыс пен интернеттің жоқтығы өзекті болып қала береді. Республикалық бюджеттен Успенка ауылында мұнара орнатуға қаражат бөлінді, жақын арада жақын ауылдарда интернет пайда болады, «AFFA Инжиниринг» ЖШС мердігері, құжаттама ресімделуде. Успенка, Знаменка, Лесхоз ауылдарында балалар алаңдарын орнату. Школьная көшесі бойындағы Жастар даңғылының құрылысы. Бородулиха, Успенка ауылдарындағы екі зиратты қоршау (демеушілік салымдар) жұмыстары -деді Бородулиха ауылдық округ әкімі Б. Садықова.
Бұдан кейін өңірдің дамуы туралы аудан әкімі Айдар Ибраев бұдан кейін сегіз айдың ішінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Өткен тоқсанда мен 18 есеп беру кездесуін өткіздім, онда маған 99 сұрақ қойылды, оның 20-сы азаматтардың жеке қабылдауында және 79-ы есеп беру кездесулерін өткізу барысында айтылды. Барлық қойылған сұраққа өтініш білдірген әрбір адам жазбаша жауап алды.
2023 жылғы қаңтар-шілдеге өнеркәсіп өнімдерін (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру көлемі 37 млрд. 773 млн. теңгені құрады (2022 жылғы ұқсас кезеңде-32 млрд. 948 млн. теңге), бұл өткен жылдың тиісті деңгейіне 114,6% — құрайды (нақты көлем индексі – 98,9%), өңдеу өнеркәсібі – 4 млрд. 111 млн. теңге (НКИ – 174,5 %).
2023 жылғы қаңтар-шілдеге негізгі капиталға инвестициялар көлемі 18 млрд. 980 млн.теңгені, НКИ – 118 %. (2022 жылғы қаңтар – шілдеде 15 млрд. 383 млн. теңге).
1 қыркүйекке ауданның өз түсімдері 1 млрд. 841 млн. теңгені құрап отыр. Өткен жылдың 9 айында 1 млрд. 473 млн теңге болған. Өсу қарқыны – 125 пайыз.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 13 млрд. 890 млн теңгені, нақты көлем индексі – 103 % құрады. (2022 жылғы қаңтар – шілдеде – 11 млрд. 950 млн теңге).
Бөлшек тауар айналымының көлемі 2023 жылдың 7 айында 7 млрд 242 млн теңгені құрады, өсу қарқыны — 118 %, нақты көлем индексі — 102 %. Аудан бойынша 175 бөлшек сауда субъектісі (азық-түлік және азық-түлік емес дүкендер) және 17 қоғамдық тамақтану орны, 14 дәріхана бар. Көтерме сауда айналымының көлемі 1 млрд 388 млн теңге, өсу қарқыны — 43,7 %, нақты көлем индексі — 39,2 %. Өткен жылдың 7 айында 3 млрд 175 млн теңге болған.
2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1665 бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 116,8 %-ды құрайды.
Бас жоспарларды әзірлеуге елді мекеннің инфраструктуралық дамуы және құрылыс қарқынының артуы тікелей әсер етеді.
7 елді мекенді дамыту және салу схемалары (Бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы) әзірленуде, Переменовка және Петропавловка ауылдары бойынша жұмыстар аяқталды, бас жоспарлар мәслихаттың таяудағы сессиясына бекіту үшін берілетін болады, қалған елді мекендер бойынша, атап айтқанда Коростели, Дмитриевка, Камышенка, Ауыл, Белағаш және Песчанка ауылдары бойынша жұмыстар жүргізілуде, аяқталу мерзімі — 2023 жылдың қарашасы.
Ауданның агроөнеркәсіптік кешенінде 426 ауылшаруашылығы тауар өндірушілері бар, оның ішінде 41 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 385 шаруа қожалық бар. Өсімдік шаруашылығымен 384 ауылшаруашылығы тауар өндірушілері айналысады, аралас шаруашылық — 41, бау-бақша шаруашылығы — 1-еу.
Ағымдағы жылы жалпы егіс алқабы 335 мың 600 гектарды құрады (өткен жылмен салыстырғанда 7,1 мың гектарға ұлғайды), оның ішінде жаздық егіс 309,13 мың гектарды құрады.
Көктемгі егіс жұмыстарының нәтижелері бойынша дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар көлемі 162 мың га құрады. Жемшөп дақылдары 20 мың га, оның ішінде сүрлемге жүгері 1,8 мың га, бір жылдық шөптер 0,7 мың га, ағымдағы жылғы көпжылдық шөптер 2,7 мың га, өткен жылдардағы көпжылдық шөптер 15 мың га.
Ауданда 1 тамыздағы жағдай бойынша, жалпы саны 8 536 бас мал шаруашылығымен айналысатын 47 ауыл шаруашылығы құрылымы бар, олар негізінен, мал басы аз шағын шаруашылықтар (25-тен 100 басқа дейін). 4 асыл тұқымды шаруашылық, үш сүт өнімі бағыты («Новая Заря» ш/қ» ЖШС, «Е. Зейтенов» ш/қ, «Агро-Импульс» ш/қ), бұған қоса, 1 ет бағыты («Лазарев и К» ЖШС) бойынша шаруашылық және 3 омарта шаруашылығы бар. Ауданның 2 шаруашылығы етті бағыттағы тұқымсыз малды тұқымдық түрлендірумен айналысады («Достық» ш/қ, «Аманат» ш/қ), — деді аудан басшысы А. Ибраев.
Аудан әкімі тұрғындардың назарын аудан өміріне белсенді қатысу қажеттігіне аударды. Бірнеше рет әр округте ол халықты «Таза жұмаға» қатысуға шақырды. «Неге абаттандыруға тек мемлекеттік қызметкерлер мен ұйымдардың қызметкерлері қатысады? Жалпыға ортақ істе бәрі белсенді болуы қажет», — деді ол.
Әңгіме барысында аудан әкімі Айдар Ибраев тұрғындардың назарын округтің жергілікті бюджетіне түсетін салықтарды уақтылы төлеу қажеттігін айтты. Тұрғындардың сауалдары мен өтініштеріне жауап берді.

Азамат СМАГУЛОВ

Жаңалықтар

Майдангер сүйегі туған жерге жеткізілді

Аудан ахуалымен танысты

Татулық – біздің тірегіміз

Он вернулся домой спустя 80 лет: в Зубаире захоронили останки солдата Великой Отечественной войны

День единства – праздник, который объединяет сердца

Активная подготовка к празднованию Дня Победы

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Августовская конференция
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ата заң
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Байқау
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел қорғаны
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфраструктура
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қоғам
  • Қоғам және заң
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдениет
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өңір
  • Памятная дата
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Полиция бөлімінен
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Рабочая повестка
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Социальная защита
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.