Бородулиха ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбіліктер жалғасуда. Бұл жолы сенбілікке орталық көшені, мәдениет үйінің жанындағы саябақты және басқа да қоғамдық орындарды тазалауға 50-ден астам белсенді қатысты.
Қатысушылар ұйымдар мен мекемелердің аумағын ретке келтіріп, гүлдер отырғызды. Айта кетерлігі, «Қазпошта» АҚ ұжымы осы сенбілікте мекеме маңындағы аумақты тазартты. Олар аумақты қоқыстардан тазартып қана қоймай, жаз бойы күтім жасайтын көпжылдық гүлдерді отырғызды.
Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, Бородулиха ауданының тұрғындары арасында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау сезімін қалыптастырады.
Өз тілшіміз