«Адам көркі – шүберек» десек, ауыл көркі тазалық екені даусыз. Ал ауылдың ажарлана түсуі сол ауыл тұрғындарының қолында. Аула ішінің, көше бойының тазалығы мен абаттандырылуы, көшедегі үйлердің сәулеті мен сымбаты тұрғындарға байланысты.
Тазарту күніне орай ауданда «Тазалық эстафетасы» ұйымдастырылып, аулаларды қардан, қоқыстан, мерекеден кейінгі қалдық заттардан тазалау жұмыстары жүргізілді.
Бородулиха ауданында қар шығару, су құбырларын тазарту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бүгінгі таңда 43,1 текше метрден астам қар шығарылды. Аудандағы 16 көпір және 268 су өткізгіш құбырлар 100 пайыз тазартылған.
Сондай-ақ, ықтимал су тасқынының алдын алу мақсатында инертті материалды дайындау және оны қапшыққа салу жұмыстары жүргізілуде.
А. МАҚЫШ,
«Жаңа уақыт»