2025 жылғы 26 қыркүйекте VIII шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХV сессиясының отырысы өткізілді.
Сессия жұмысы барысында күн тәртібіндегі бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, депутаттар Бородулиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 27-2-VIII «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесін талқылады.
Сонымен қатар, «Семей Агро Инвест» ЖШС кірме жолы» № 4 (2-кітап, 1-бөлім) тарифтік басшылықтың 8Н және 10Н параграфтарына сәйкес Белағаш станциясын ашуға келісім беру туралы ұсыныс қаралды. Бұл ауданның көлік инфрақұрылымын жетілдіруге және ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды дамытуға ықпал ететін бастама ретінде бағаланды.
Күн тәртібінде тағы бір маңызды мәселе – Бородулиха ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу болды. Депутаттар барлық ұсыныстарды талқылай келе, тиісті шешімдер қабылдады.
Осылайша, кезектен тыс ХХХV сессия ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған өзекті мәселелерді шешумен ерекшеленді.
Бородулиха аудандық мәслихаты