• RU
Суббота, 10 мая, 2025
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

АУДАНДЫҚ БІРІНШІЛІК ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

14.04.2023
in Спорт
Share on FacebookShare on Twitter

Дзюдо күресі – ежелден келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Дзюдо күресінде қолданылатын әдіс-тәсілдер сан алуандығымен қызықтырады. Жарыста белдескен жас балуандар да шама-шарқынша әсерлі күрес өнерін көрсетіп, түрлі амалдарды қолданып, жанкүйерлердің делебесін қоздырады.

Осы жылдың 8 сәуірінде Новопокровка ауылдық округінде Бородулиха ауданының 95 жылдығына арналған «Берекелі Бородулиха» атты 2009-2014 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында дзюдо күресінен аудандық ашық біріншілік өтті. Бұл ауқымды жарыс Новопокровка ауылының М. Әуезов атындағы қазақ орта мектебінде ұйымдастырылды. Жарысқа Новопокровка, Бородулиха, Петропавловка, Жезкент кентінің екі командасы және Семей қаласынан алты команда, жалпы ұзын саны 90-ға жуық жас дзюдошы қатысты. Аудандық ашық біріншілікте дзюдодан бірнеше салмақ дәрежесіндегі мықтылар анықталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың мақсаты – дзюдо күресін ауданымызда дамыту, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлікті шыңдау.
Жапондардың дзюдо күресінің даму тарихы 1882 жылы әскери жекпе-жек шебері Дзигоро Каноның оны жеке күрес ретінде дамытуынан басталады. Қазіргі уакытта дзюдо күресі 200-ден астам елде жанданып келеді. «Дзюдо» ұғымы «жұмсақ немесе «епті» деген сөздердің мағынасына жақын. Дзюдо күресі Қазақстанға еркін, грек-рим, самбо күрестерінен кейін XX ғасырдың 70-жылдарынан кейін кеңінен тарала бастады.
1973 жылы Қазақстан спорткомитеті дзюдо күресін елімізде дамыту туралы шешім қабылдайды. Осы жылы Қазақ дене тәрбиесі институтында дзюдо күресінен мамандық ашылады.
Кеңес Одағы кезінде алғашқы бүкілодақтық жарыстарда ағайынды Сергей және Геннади Батшаевтар, В.Ярославцев жеңіске жетті. Дзюдо күресінен алғашқы халықаралық жарыстарда Марат Әзімбаев өнер көрсетіп, жастар арасында Еуропа біріншілігінің (1975 жылы) жеңімпазы атанды. Мәжит Есенбаев 1968 жылы өткізілген КСРО — ГДР мачтық кездесуінде чемпион атанды.
XX-ғасырдың 70-80 жылдарында КСРО және жазғы спартакиадаларда күрескен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Али Хамхоев, Қайрат Мысықбаев, Сергей Аширов, Бостан Жаңбырбаев, Ахат Аширов, Анна Сон, Мәншүк Дәулеткереева, КСРО біріншілігінің жеңімпаздары Ирина Семенюк, Евгения Богунова, Сергей Шакимов, Иван Каразелиди, Ерлан Алпысбаев, Асланбек Омаров, т.б. дзюдо күресінің дамуына өлшеусіз үлес қосты.
Қазақстанның Тәуелсіздік алуынан кейін дзюдо күресінің жаңа даму кезеңі басталды. Қазақстан барлық халықаралық жарыстарға өзінің жеке ұлттық құрама командасымен қатысуға мүмкіндік алды. Бұл ретте Республикалық дзюдо федерациясы да нәтижелі жұмыс атқарды. Федерация жұмысын әр кезеңдерде белгілі спорт ұйымдастырушылары Санжар Жандосов, Юрий Кислицин, Дүйсенбай Дүйсенов, Мәжит Есенбаев, Темірхан Досмұхамбетов, Бекет Махмутов, Кеңес Рақышевтар басқарып, дзюдо күресінің Қа- зақстанда дамуына елеулі үлес қосты.
Қазақсанда жыл сайын дзюдоға деген қызығушылық артуда. Ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында ел біріншіліктері өтіп тұрады, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен спортшылар қатысады, бұл дзюдоға қызығушылық танытқандардың саны мен сапасының көтерілгенін көрсетеді.
Сонымен, дзюдодан өткен аудандық ашық біріншілік қорытындысы бойынша өз салмақ дәрежесінде ұлдар арасында Әлинұр Әбділхан, Әлихан Қанатұлы, Айқын Асанұлы, Ғибрат Жұмабек, Жандос Тлеухан, Дінмұхамед Сабиев, Санжар Маратов, Мейрам Болат, Мейіржан Оразаев, Ақниет Әбділхан, Ерасыл Асылбекұлы жеңімпаз атанды. Қыздар арасында өз салмақ дәрежесінде Анжелика Бақтиярова, Нұрай Батырханова, Іңкәр Дәулетқызы жеңіске жетті. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздармен және медальдармен марапатталды.
Жалпы, сайыс барысында бәрі де болады. Тек әркім өзі жіберген қателіктен сабақ алғаны, аянбай тер төккені жөн. Бұл балуандарға алдағы уақытта қателік жібермеуге мүмкіндік береді. Себебі, татами төріндегі тартысты бәсекелер алдағы үлкен жетістіктерге, жеңімпаздар қатарынан көрінуіне жол ашады.
Ал биыл жетістікке қол жеткізе алмаған балуандар алдағы жылдарда ол олқылықтың орнын толтырады. Оны жарыс барысында айқын аңғардық. Сондықтан, балуандар үнемі дайындығын пысықтап, спортқа үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Сонда ғана жоғары нәтижені бағындыруға болады.
Бұл ретте, жаттықтырушылар да шәкірттеріне зор сенім артады. Оларды баулиды, тәрбиелейді. Соның нәтижесінде, ауданның жас балуандары талай додада топ жарып, талай чемпионның жұлдызы жарқырап жүр.
Жастардың денешынықтырумен, спортпен тұрақты шұғылдануына жағдай жасайтын болсақ, жасөспірімдер арасында қылмыс та азайып, темекі шегу, есірткі қолдану сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік туары сөзсіз. Сондықтан, Президентіміз бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына баса мән беріп келеді. Ал Мемлекет басшысы басымдық беріп отырған осы игілікті істі жергілікті жерлерде өрістетіп, дамыту – баршамызға ортақ міндет.
Біз Бородулиха ауданының спортшыларына қазақ елінің байрағын әлемдік жарыстарда желбіретулеріне тілектестік білдіреміз!

Азамат Смагулов

Жаңалықтар

Майдангер сүйегі туған жерге жеткізілді

Аудан ахуалымен танысты

Татулық – біздің тірегіміз

Он вернулся домой спустя 80 лет: в Зубаире захоронили останки солдата Великой Отечественной войны

День единства – праздник, который объединяет сердца

Активная подготовка к празднованию Дня Победы

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Августовская конференция
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ата заң
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Байқау
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел қорғаны
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфраструктура
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қоғам
  • Қоғам және заң
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдениет
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өңір
  • Памятная дата
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Полиция бөлімінен
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Рабочая повестка
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Социальная защита
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.