• RU
Среда, 2 июля, 2025
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ауданды дамыту жұмыстары жалғасады

27.06.2025
in Жаңалықтар
Ауданды дамыту жұмыстары жалғасады
Share on FacebookShare on Twitter

24 маусым күні облыс әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Бородулиха ауданына келді. Сапары барысында Ә.Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебінде аудан халқымен жүздесіп, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Сонымен қоса, Бородулиха колледжінің жұмысымен танысты.

Облыс әкімі аудан орталығы Бородулиха ауылында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы жоспарлар туралы халыққа есеп берді. Бұл – аймақ басшысының аудандардағы алғашқы есептік кездесуі.
Жиында алдымен аудан әкімі Айдар Ибраев Бородулиха ауданының 2024-2025 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады.
Одан соң облыс әкімі өңірді дамытуға бағытталған жұмыстар туралы баяндап, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге тоқталды. Аймақ басшысы жол, ауыз су, жарықтандыру, тозығы жеткен әлеуметтік нысандар, мектептердегі орын тапшылығы, медицина, мәдениет және интернет мәселелері халыққа ең қажетті әрі шешімін күткен істер екенін атап өтті.
«Тағайындалған күннен бастап барлық аудан, қалаларда, оның ішінде шалғай ауылдарда, бұрынғы аудан орталықтарында болдым. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, маңызды мәселелерді Мемлекет басшысына баяндадым. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қордаланған түйткілдерді кезең-кезеңімен шешу қажеттігін атап өтті. Осы бағытта Үкіметпен бірлесіп кешенді жұмыстарды қолға алдық», – деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы облыс экономикасының барлық саласында оң өсім бар екенін айтты. Өткен жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 3,2 трлн теңгеге жетіп, 4,3% өсім көрсеткен.
Жылу және ауыз су жүйелерінің тозуы, жолдардың сапасы, әлеуметтік нысандардың жағдайы – облыс әкімінің назарындағы негізгі мәселелер қатарында. Биыл 26 ауыз су жобасы іске асырылады. 358 шақырым жол жөнделеді. Сондай-ақ 1140 пәтер сатып алынып, халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Бородулиха ауданында 48 пәтер тұрғындардың игілігіне тапсырылмақ.
Переменовка ауылында су желілерінің құрылысы, Камышенка ауылында клуб салу, Петропавловкада спорт-сауықтыру орталығының құрылысы және Зенковка, Белағаш, Новопокровка, Петропавловка ауылдарында алғашқы медициналық көмек нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетіні айтылды. Биыл Жаңа Шүлбі ауылындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы ғимаратының шатырына, қазандығына және жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалады.
Облыста білім беру мен денсаулық сақтау нысандарына ерекше көңіл бөлінуде. Аймақ басшысының айтуынша, өңір мектептерінің 64-і бейімделген ғимараттарда орналасқан. 3 мектеп апатты жағдайда. Алдағы үш жылда 75 мектепті реновациядан өткізу жоспарланған. Биыл 9 мектепке жөндеу басталады.
Ерекше атап өтерлігі, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Бородулиха ауданының Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ мектебіне жаңа автобус, ғимараттың терезелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат қарастырылып жатыр. Ауданның 11 мектебіне интерактивті панельдер мен пәндік кабинет сатып алуға 21,9 млн.теңге бөлініп отыр. Алдағы үш жыл ішінде Бородулиха ауданындағы Буркотово, Андроновка, Песчанка ауылдарында медициналық-санитарлық көмек нысандарын салу үшін қаражат бөлу мәселесі қарастырылып жатыр.
«Аудандағы ең өзекті мәселенің бірі – жол. Аудандағы жолдарды рет-ретімен жөндейміз. Кейбіреуін биыл, кейбіреуін келесі жылы бастаймыз. Бородулиха ауданының медицина, мәдениет, спорт саласындағы қажеттіліктерінің барлығын бюджетке енгізіп, кезең-кезеңімен шешетін боламыз», – деді аймақ басшысы.
Шалғай елді-мекендердегі науқастарға ыңғайлы болу үшін былтыр Ақсуат ауданында гемодиализ орталығы ашылды. Биыл Бородулиха ауданында қосымша 1 гемодиализ орталығын салу жоспарлануда.
«Ауданға осымен үшінші мәрте келіп отырмын. Бұл аудандағы барлық өзекті мәселелерді, халықтың өтініштерін, арыз-шағымдарын, ұсыныстарын үнемі бақылауда ұстап отырамын. Бородулиха – облыс орталығына жақын орналасқан, ауыл шаруашылық әлеуеті өте жоғары аудан. Қарағайлы орман да осы ауданның аумағында. Ауданды дамыту бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырамыз», – деді облыс әкімі.
Кездесу соңында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді. Аймақ басшысы өңірді дамыту бағытындағы бастамалар жалғаса беретінін жеткізді.
Облыс әкімі Бородулиха ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, мәдениет және спорт нысандарының құрылысы, абаттандыру мәселелерін көтерді.
Атап айтқанда, тұрғындар Бақы ауылдық округіндегі «Ауыл–Коростели», «Новопокровка–Белағаш» бағытындағы жолдарды жөндеу, Ауыл станциясындағы көшелерді жарықтандыру, Бородулиха ауылындағы бірқатар көшелерге асфальт төсеуге қатысты ұсыныстарын айтты.
Жерновка ауылында Мәдениет үйі мен Жаңа Шүлбі ауылында жетім балаларға арналған интернат аумағында жабық хоккей алаңын салу және Петропавловка ауылының ішіндегі көше жолдарын жөндеу секілді ұсыныстар да назардан тыс қалмады. Аймақ басшысы тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар берді.
Азаматтарды қабылдау барысында облыс әкімі әр мәселені жеке бақылауына алып, тұрғындар көтерген өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді жауапты сала басшыларына жүктеді.
«Қабылдауда Бородулиха ауданының тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелердің барлығымен жақсы таныспын. Биыл 20 шақырымды құрайтын «Новопокровка-Белағаш» жолының 10 шақырымына орташа жөндеу жүргіземіз. Қалған бөлігін келер жылы жөндеу жоспарымызда бар. Сондай-ақ биыл аудан орталығындағы үш көшеге асфальт төселеді. Қалған көшелерді келесі жылдың жоспарына енгіземіз. Осылайша аудандағы мәселелерді кезең-кезеңімен шешетін боламыз. Менің жеке бақылауымда болады», — деді аймақ басшысы.
Облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауының алдында басқарма басшылары аудан тұрғындарын қабылдап, сауалдарына жауап берді.
Сонымен бірге, аймақ басшысы жұмыс сапары аясында Бородулиха колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты. Оқу орнының негізі 2007 жылы қаланған. Колледж 2012 жылы жұмысын бастаған. Қазіргі уақытта мұнда 167 студент білім алып жатыр. Оқу процесін қамтамасыз ететін 52 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 16 педагог пен 6 өндірістік оқыту шебері бар.
Колледж типтік емес ғимаратта орналасқан. Оқу орны 10 жеке ғимараттан тұрады. Колледж аумағында 49 орындық жатақхана, 150 орындық асхана, медициналық пункт, кітапхана, 12 оқу кабинеті, 3 өндірістік шеберхана және зертхана бар. Сонымен қатар, техникаларға арналған гараждар қарастырылған. Білім беру мекемесі заманауи бейнебақылау жүйесімен жабдықталған және жеке автономды қазандығы бар.
Бородулиха колледжінде студенттер бірнеше бағыт бойынша білім алуда. Атап айтқанда, тамақтандыруды ұйымдастыру, ауыл шаруашылығын механикаландыру, дәнекерлеу ісі және орман шаруашылығы. Колледждің негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы саласына қажетті мамандарды даярлау. Білім ордасы 16 кәсіпорынмен серіктестік орнатқан. Түлектер өндірістік тәжірибеден осы кәсіпорындар базасында өтеді. Бұл олардың шеберлігін шыңдап, болашақ мамандығы бойынша тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде колледж түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 100%-ды құрап отыр.
Колледж басшылығы облыс әкіміне 1988 жылы салынған оқу корпусы мен әкімшілік ғимаратқа ағымдағы жөндеу қажеттігін жеткізді. Ғимараттағы су жүйесі де ескірген және жаңартуды қажет етеді. Сонымен қатар, жаңа жатақхана салу мәселесі де айтылды. Аталған мәселелерді шешу мақсатында қажетті жобалық-сметалық құжаттар әзірленген. Колледж ұжымы жөндеу жұмыстарына қолдау көрсетуді сұрады.
Аймақ басшысы колледждің техникалық және ауыл шаруашылығы салаларына қажетті маман даярлаудағы маңызын атап өтіп, оқу орнының материалдық-техникалық базасын жаңартуға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ жатақхананың ескі екенін ескеріп, жаңа ғимарат салынатынын айтып, тиісті құжаттарды дайындауды тапсырды.
«Бүгінгі таңда еңбек нарығына сай білікті маман даярлау – біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі. Бородулиха колледжі ауыл шаруашылығы, оның ішінде орман шаруашылығы саласына қажетті жұмысшы мамандарды дайындап келеді. Бұған дейін Үржар, Жарма, Ақсуат, Бесқарағай аудандарына барғанымда ондағы колледждердің жұмысымен танысқан болатынмын. Білім ошақтарының сұранысын ескере отырып, кезең кезеңімен, жүйелі түрде қолдау көрсетеміз», – деді облыс әкімі.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар

Ауданды дамыту жұмыстары жалғасады

Дәрігерлерге құрмет көрсетілді

Гордость Жезкента: первый шаг к мечте после службы Родине

В Жезкент прибыла новая пожарная техника

СОВМЕСТНОЕ ЗАСЕДАНИЕ ПОСТОЯННЫХ КОМИССИЙ БОРОДУЛИХИНСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Абаттандыру
  • Августовская конференция
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ата заң
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Байқау
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Бәрекелді
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Дело чести
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Диалог с народом
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел қорғаны
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфраструктура
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Культурный код
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қауіпсіздік
  • Қоғам
  • Қоғам және заң
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдениет
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Образование без границ
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отандық өнеркәсіп
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өнер
  • Өңір
  • Памятная дата
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Полиция бөлімінен
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Рабочая повестка
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Социальная защита
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.