• RU
Суббота, 7 июня, 2025
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АУДАН ДАМУЫНДА СЕРПІН БАР

02.04.2025
in Жаңалықтар
АУДАН ДАМУЫНДА  СЕРПІН БАР
Share on FacebookShare on Twitter

Апта дүйсенбісінде Семей қаласындағы өңірлік коммуникациялар орталығында Бородулиха ауданының әкімі Айдан Ибраевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты болып өтті. Өңір басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен және атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырып өтіп, биылғы жылға жоспарланған іс шаралармен таныстырды.

БАҚ өкілдері алдындағы кіріспе сөзінде аудан әкімдігінің қызметі аудан экономикасын одан әрі нығайтуға, әлеуметтік салаға даму енгізуге, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тапсырмаларын орындауға бағытталғанын, олардың негізінде қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту мәселесі жатқанын атап өткен Айдар Маратұлы аудан өміріндегі әр сала бойынша арнайы тоқталды.
Аудан басшысы айтып өткендей, қолданыстағы бағалардағы өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында 14 млрд 414 млн теңгені құрапты. Бұл өткен жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Соның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру және өңдеу өнеркәсібінде кіріс көлемі артқан.
Бүгінде аудандағы өркендеп келе жатқан салалардың бірі шағын және орта кәсіпкерлік болып отыр. Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 1 531 бірлікті құрайды.
Десекте, өткен жылдың үлесіндегі елеулі көрсеткіш ауыл шаруашылығы саласында орын алды. Расында Бородулиха ауданы — облыстың ірі агроөнеркәсіптік аудандарының бірі. Жалпы жер аумағы 698 мың га, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 475,5 мың гектарды алып жатыр.
Бұл ретте Бородулиха өсімдік шаруашылығы басым дамыған ауыл шаруашылығы ауданы, сондай-ақ мал шаруашылығы да өркендеу үстінде.
Өткен жылы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 161,7 мың га, оның ішінде майлы дақылдар 149,6 мың га жерге егіліпті.
Айдар Маратұлы осы орайда ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерді қаржыландыру жайына кеңірек тоқталып өтті.
-Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданда 602,7 млн теңге көлемінде несие берілді. Сонымен қатар, 1,1 млрд теңгеге тұқым бойынша субсидияға өтінімдер қабылданды, гербицидтер бойынша 420,6 млн теңге, оның 192,6 млн теңгесі төленді, 228 млн теңге резервте қалды.
Анықтама ретінде айта кетсек, өткен жылы ауданның ауыл шаруашылығы өндірушілері 22,6 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алып, топыраққа енгізді. Минералды тыңайтқыштарды субсидиялау көлемі 403,6 млн теңгені құрады. Қаржыландыру жоспарына сәйкес, тұқым бойынша субсидиялар төленді, тыңайтқыштарға төлем сәуірде, гербицидтерге төлем мамырда жүргізіледі, — деді өз баяндамасында аудан басшысы.
Өткен жылы ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары 10,8 млрд теңгеге 521 дана техника мен жабдық сатып алған болатын. Оның ішінде: 69 дана әртүрлі модификациядағы трактор, 6 дана себу кешені, 31 дана астық жинайтын комбайн, он дана дәлдеп тұқым сепкіш, 405 дана басқа да ауыл шаруашылығы техникалары бар.
Жиын барысында айтылғандай, соңғы жылдары ауданда мал мен құс санының, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемінің біршама өсуі байқалады. Сондай-ақ, өңірде мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының саны да артты. Қазіргі таңда 45 ауыл шаруашылығы құрылымы мал өсірумен айналысады, жалпы мал басы 7 785 басты құрайды. Асыл тұқымды шаруашылықтар саны өсіп келеді. Үш сүт бағытындағы, бір ет бағытындағы қожалықтар жұмыс жүргізуде. Сол тәрізді үш ара шаруашылығы бар.
Бүгінде ірі қара малдың тұқымын асылдандыру жұмыстарымен екі шаруашылық айналысады. Сүт жинау жүйесіне 8 ауылдық округ қамтылған, ал тұрғындардан сүт жинауды үш сүт қабылдау пункті тұрақты түрде жүзеге асырады.
Аудан басшысы өткен жылы аудан аумағында 1 млрд теңгеге 8,5 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілгенін де айтып өтті. «Бородулиха – Пол-Лог» жолы, Жезкент кентіне кіреберіс жолдың үш шақырым учаскесі жаңартылыпты.
Аудан көлемінде мемлекеттік «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында да атқарылған жұмыстар ауқымды. Оның аясында 384 млн теңгеге 11 жоба жүзеге асырылыпты. Атап айтсақ, төрт футбол алаңы, бір хоккей корты және бір воркаут алаңы салынған. Осы бағдарлама аясында 403 көшеге жарықшамдар орнату жұмыстары жүргізілген.
Аудан басшысы жылумен жабдықтау жайлы да тоқталды. Қазіргі күні аталмыш бағыттағы жұмыстар қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Мәселен, Новая Шульба ауылында 98,9 млн теңгеге блокты-модульді қазандықтың құрылысы жүргізілуде. Сол тәрізді 158,2 млн теңгеге жылу желілері салынып жатыр.
Айдар Маратұлы абаттандыру, көркейту іс-шаралары жайлы да айтып өтті. Бүгінгі күнге дейін аудан орталығында 47 бейнебақылау камерасы орнатылған. Орман өртін сөндіру кезінде қаза тапқан батырларға арналған еске алу саябағы ашылды. Жалпы, абаттандыру және тазалық жұмыстары биылғы жылы да үзіліссіз жалғаса бермек.
Аудан басшысы денсаулық сақтау, білім беру, өңірдегі бірқатар ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу жайын да тілге тиек етті. Бұл ретте ағымдағы жылы ауқымды жұмыстар тұр. Мәселен, Новопокровка ауылындағы Мәдениет үйіне және Березовка қосалқы шаруашылығындағы ауылдық клубқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Оның сыртында тағы екі мәдени нысанның құрылысы жоспарланған. Атап айтсақ, Камышенка ауылында жүз орындық ауылдық клуб,   Петропавловка ауылында спорттық-мәдени орталық және төрт елді мекенде 110 млн теңгеге шағын футбол алаңдары мен спорттық кешендер салынбақ. Түйіндей айтқанда, аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыру, өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін дамыта түсу мақсатында биылғы жылы елеулі жоспарларды жүзеге асыру қажет.
Баспасөз мәслихатының соңында Айдар Маратұлы БАҚ өкілдері қойған сауалдарға тұшымды жауап қайырды. Сұрақ-жауап барысында аудан өміріне, әлеуметтік және мәдени салаға қатысты тағы да бірқатар мәселелер қамтылды.
Ай-Көркем МАҚЫШ,
«Жаңа уақыт»

Жаңалықтар

Өзекті мәселелер талқыланды

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – қашан да өзекті

Көл жағалауындағы сенбілік

Шаттық мерекесі

Белый порох под ногами: почему тополиный пух — не безобидная пыльца, а причина пожаров

Где живет добро

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Абаттандыру
  • Августовская конференция
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ата заң
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Байқау
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Дело чести
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Диалог с народом
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел қорғаны
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфраструктура
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Культурный код
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қоғам
  • Қоғам және заң
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдениет
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отандық өнеркәсіп
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өнер
  • Өңір
  • Памятная дата
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Полиция бөлімінен
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Рабочая повестка
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Социальная защита
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.