Аудан әкімі Айдар Ибраев Петропавловка ауылдық округінде Изатулла және Петропавловка ауылдарының тұрғындарыме кездесті.
Кездесу барысында Изатулла ауылының тұрғындары ауыл шаруашылығына қатысты мәселелер көтерді.
Атап айтқанда, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен жайылымдық жерлердің жай-күйіне сонымен бірге, ауылішілік жолдардың сапасына көпшілік алаңдаушылық білдірді. Тұрғындарды электр энергиясының тарифтері мен электр энергиясының кіріс төлемдері де алаңдатады. Блоктық модульдік су қабылдау станциясының қоршауының жағдайы да кездесу барысында айтылды.
Барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынды.
Жалпы округте көшелерді жарықтандыру, елді мекенді абаттандыру, жолдарды күтіп ұстау мақсатында және білім беру саласына бюджеттен 384 млн 353 мың теңге қарастырылған. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауылда спорттық-демалыс орталығын салуға 208 миллион 489 мың теңге көлемінде қаражат қарастырылған.
Өз тілшіміз