Бородулиха ауданына жұмыс сапарымен «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Нұржан Әбдікәрімов келді.
Сапар барысында аудан әкімі Айдар Ибраевтың, тиісті сала басшыларының қатысуымен ауданның әлеуметтік нысандарын аралап, олардың жұмысымен танысты. Атап айтқанда, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болып, жергілікті тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына жасалған жағдайларды бағалап, Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектепке арнайы барып, оқу-тәрбие процесін көрді.
-Біздің партияның күші – халықпен тығыз байланыста. Бірге болсақ, үлкен жетістіктерге жетеміз, – деді Нұржан Оразбекұлы.
Кездесу аясында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, мекеме қызметкерлері мен белсенді жастармен бірге денешынықтыру-сауықтыру кешені аумағында, мектептің маңында және Бородулиха ауылының Орталық саябағында шырша мен қарағай көшеттерін отырғызды.
Айдар Маратұлы мұндай ізгі істер көшелерді көркейтіп қана қоймай, халықты тазалық пен экологиялық мәдениет жолында біріктіретін игі бастама деп атап өтті.
Ай-Көркем Мақыш,
«Жаңа уақыт»