• RU
Пятница, 9 мая, 2025
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Ана ұлтты тәрбиелейді»

15.05.2024
in Жаңалықтар
«Ана ұлтты тәрбиелейді»
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл еліміздің мерекелік күндердің тізбесі «Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекелерімен толықты. Осылайша, мамыр айының екінші жексенбісі «Аналар күні» болып белгіленді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Берекелі әрі бақытты отбасы қуатты елдің тірегі», – деген болатын. Дана халқымыздың «Отан отбасынан басталады» деген сөзінің мәні тереңде жатқандай.

Ұрпағын өрбітіп, бүгінде мәуелі бәйтерекке айналған көнекөз қарияларымыз тағылым мектебі іспетті. Бородулиха өңіріндегі өз балаларының ғана емес, ауылдың анасына, әжесіне айналған абыройлы жандардың бірі – Шампану Сүлейменова.
Шампану апа 1949 жылы 1 мамырда Бородулиха ауданында туған. Сәби күнінде отбасымен Абай ауданына қоныс аударыпты.
-Балалық шағым Абай ауданында өтті. Мен – қойшының қызымын. Әкем мал бағып, ата кәсіпті дамытты. Үйдің тұңғышы болдым. Анам 7 рет құрсақ көтергенімен, әлем аждаһасына айналған полигонның кесірінен деп болжаймыз, 3 нәрестесі шетінеп кетті. Соғыстан кейінгі кезеңде туғандықтан болар, бала күнімізде көп қиыншылық көрдік,- деп балалық шағын еске алған Шампану әже әке жолын жалғап, саналы ғұмырын ауыл шаруашылығын дамытуға арнағанын айтты.
Әже 1966 жылы Бородулиха ауданының тумасы Дүйсетай Сүлейменовқа тұрмысқа шығыпты. 1937 жылы өмірге келген Дүйсетай Садықұлы тыл еңбеккері. Бұғанасы қатпаған бала соғыс жылдарында ауылдағы аналары сауған түйенің сүтін Белағаш ауылындағы теміржол бекетіне апарып, жеңісті жақындатуға үлес қосқан. Жастайларынан қара жұмысты қайыспай көтеріп, бейнетке белшеден батқан Дүйсетай ата мен Шампану әже бүгінде үлкен әулетке айналды. Әлемнің жарығын сыйлаған 6 перзенттері өмірден өз орындарын тауып, ұл ұяға, қыз қияға қонған. Бақытын баладан тапқан ата-ана 15 немере сүйіп, ата-әже атанған. Еңбекқор жандар «Дүйсетай» шаруа қожалығын құрып, балаларын да мал шаруашылығына баулыды. Ұрпақтарын елжандылыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген қазыналы қарттар өмірдің басты құндылығы бейбітшілік екенін тілге тиек етті.
-Басты байлық – бейбітшілік. Қаншама ауылдастарымыз, ағаларымыз соғысқа аттанып, оралмаған. Соғыстан кейінгі кезеңде өмір сүріп, қиыншылықтың не екенін көрдік. Сондықтан Тәуелсіздіктің қадірін білеміз және ұрпақтарымыз бейбіт аспан астында бақытты да баянды ғұмыр кешсін деп тілейміз. «Аналар күнін» атап өтіп отырғандығымыздың өзі бейбітшілік жемісі. Ана — әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, аяулы жан. «Әке баласын тәрбиелейді, ана ұлтты тәрбиелейді» деген аталы сөз бар. Анаға жүктелер жауапкершілік жүгі де ауыр. Әлемдегі барлық аналар бақытты болсын, сәбилердің ұйқысы тыныш болсын, әрбір нәзік жанды перзент сүйіп, бала бақытына кенелсін деп тілеймін,- деді аяулы ана.
Қазыналы қариялар бүгінде кенжелері Шыңғыс пен келіндері Қарлығаштың қолында тұрып жатыр. Өнегелі өмір иелері ауылдың абройына, ақылшысына айналған. Шампану әжедей ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқан қыз-келіншектер көп болсын деп тілейміз.

Ай-Керім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Жаңа уақыт»

Жаңалықтар

Майдангер сүйегі туған жерге жеткізілді

Аудан ахуалымен танысты

Татулық – біздің тірегіміз

Он вернулся домой спустя 80 лет: в Зубаире захоронили останки солдата Великой Отечественной войны

День единства – праздник, который объединяет сердца

Активная подготовка к празднованию Дня Победы

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Августовская конференция
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ата заң
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Байқау
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел қорғаны
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфраструктура
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қоғам
  • Қоғам және заң
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдениет
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өңір
  • Памятная дата
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Полиция бөлімінен
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Рабочая повестка
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Социальная защита
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.