Бородулиха ауданында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында кешенді шаралар қолға алынуда. Аудан прокуратурасы осы бағытта белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Жуырда аудан прокурорлары «Шығыстүстімет» ЖШС Орлов өндірістік кешені қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында интернет арқылы жасалатын алаяқтық түрлері мен олардан сақтану жолдары түсіндірілді. Қызметкерлерге арнайы ақпараттық бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар мен буклеттер таратылды.
Сонымен қатар, мекеме аумағындағы ақпараттық тақтайшаларға құқықтық парақшалар ілініп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттар орналастырылды.
Прокуратура өкілдерінің айтуынша, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да ауданның басқа да кәсіпорындарында жалғасын табады. Мақсат – тұрғындарды құқықтық сауаттылыққа баулу және алаяқтыққа қарсы иммунитет қалыптастыру.
Шайза Асанқызы,
«Жаңа уақыт»