Бородулиха ауданының полиция бөлімінде қызметтік тәртіпті нығайтуға, жеке құрам арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заңнама талаптарын қатаң сақтауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешені жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Аталған жұмыстар азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыруға, сондай-ақ полиция қызметінің ашықтығын, жауапкершілігін және жариялылығын қамтамасыз етуге бағытталған «Адал полицей» республикалық акциясы аясында жүргізілуде.
Акция барысында қызметкерлермен түсіндіру әңгімелері ұйымдастырылып, қолданыстағы заңнама талаптары, қызметтік әдеп нормалары және кәсіби мінез-құлық стандарттары жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға ерекше назар аударылды.
Жеке құрамға заңсыз сыйақы ұсыну немесе беру арқылы жасалуы мүмкін арандатушылық әрекеттердің түрлері, сондай-ақ мұндай жағдайларда әрекет ету тәртібі, оның ішінде басшылықты және уәкілетті бөлімшелерді міндетті әрі уақтылы хабардар ету тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар пара беру, сондай-ақ парақорлыққа делдал болу әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке, ал жекелеген жағдайларда әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатыны туралы ақпарат жеткізілді.
Полиция бөлімінің басшылығы әрбір қызметкердің қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы орындауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға және жоғары кәсіби беделді қамтамасыз етуге жеке жауапты болатынын атап өтеді.
Жүргізіліп жатқан профилактикалық және түсіндіру іс-шаралары жеке құрам арасында тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымдарды қалыптастыруға, қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыруға және полицияның қоғам алдындағы беделін нығайтуға ықпал етеді.
Жандос АХМЕТОВ,
Бородулиха аудандық полиция бөлімі
бастығының орынбасары
