• RU
Понедельник, 16 июня, 2025
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Адал еңбек – әулеттің бойтұмары

20.09.2023
in Жаңалықтар
Адал еңбек – әулеттің бойтұмары
Share on FacebookShare on Twitter

Адамзат баласын бір-бірінен ерекшелеп, екшеп тұрған –  білім мен еңбек.  Сондықтан да қоғамда еңбек адамына деген құрмет ерекше болмақ.  Бұл ретте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамымызда еңбек адамы бірінші орында тұруға тиіс. Шын мәнінде, барлық жетістіктің бастауы – адал еңбек және іскерлік. Табысқа жетудің жалғыз жолы – өз кәсібінің шебері болу және ерінбей еңбек ету. Маңдай терімен табыс тапқан адам оны мақсатсыз шашып, ысырап қылмайды. Үнемшіл, қанағатшыл әрі ұқыпты болады,- деген болатын.

 Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,
“Семей таңы”

Барқытбел баурайындағы еңбегімен  елге етене таныс әулет – Жирентаевтар отбасы.  Аграрлық секторды дамытып, төрт түлікті түлету әулет мүшелері үшін атадан балаға беріліп келе жатқан мұра іспетті. «Мал баққанға бітеді» демекші, бүгінде «Бәкей» шаруа қожалығы құлашын кеңге жайып, мыңғырған мал өсіріп, көл-көсір өнімге  кенеліп отыр. Әрине, бұл – адал еңбек пен қажырлы қайратың жемісі.

Тақыр жерге шөп шықпайтындығы сияқты, жетістіктің бастауында әулеттің үлкені, отағасы – Төлеген Бәкейұлының тектілігі, мал шаруашылығына деген сүйіспеншілігі тұрғаны түсінікті. Жеке шаруашылықтан бұрын, ол саналы ғұмырын ауданның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арнады.

Кейіпкеріміз 1954 жылы Мақаншы қазақ орта мектебін аяқтай салысымен Алматы мемлекеттік зоотехникалық-малдәрігерлік институтына зоотехник мамандығы бойынша білім алды. Қолына диплом алған жас маман 1959-1962 жылдары Мақаншы ауданындағы Киров ұжымшарында бас зоотехник болып еңбек жолын бастады. 1963 жылы ауыл шаруашылығы басшысы қызметкерлерін даярлайтын Республикалық бір жылдық мектепті аяқтағаннан кейін, 1964-1970 жылдары Мақаншы ауданындағы «Арқалды» қой кеңшарында директордың орынбасары және бас зоотехник болып жұмыс істеді. Өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын, ұжымның ұйытқысы бола білген басшыға осы тұста  «Құрмет белгісі» ордені берілді. Атақ пен абыройға масайрауды білмейтін азаматтың еңбек жолы 1970-1973 жылдар аралығында Мақаншы ауданының ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сапасын тексеру инспекциясының бас инспекторы қызметі арқылы өрбіді. 1973-1976 жылдары Мақаншы ауданы ауылшаруашылық басқармасының бас зоотехнигі қызметін абыроймен атқарды.

1976-1979 жылдары жаңадан құрылған Мақаншы мамандандырылған мал бордақылау кеңшарының директоры болған кезде 15 мың қой, 2 мың ірі қара бордақылайтын үлкен алаң салғызды.  Төлеген Бәкейұлы басқарған ұжым екі мәрте облыстың ауыспалы Қызыл туын жеңіп алуы оның іскерлігі мен білікті басшы болғандығын байқатады.

Саналы ғұмырында ат үстінен түспеген азамат 1979-1981 жылдар аралығында Мақаншы аудандық атқару комитетінің  төрағасының бірінші орынбасары  қызметінде жүріп, аудан көлемінде құрылыс және сауда салаларына басшылық етті. 1981-1990 жылдары Мақаншы ауданы «Пограничный» кеңшарында директор болып қызмет атқарды. Кеңшар аудан және облыс көлемінде қазақтың ақбас сиыры мен кеңестік жүндес  ешкісін өсіріп, өңірдегі алдыңғы қатарлы шаруашылыққа айналды. Осы жылдары Ақшоқы ауылында 140 бала тәрбиеленетін балабақша бой көтерді, 300 орындық мәдениет үйі ашылды, 624 оқушы білім алатын мектеп салынды, жыл сайын 20 тұрғын үй салынып, жұмысшыларға кезекпен беріліп отырды. Ауылдың көшелеріне шағыл тас төселіп, жөндеуден өтті.

2000 бас ірі қара бордақыланатын алаң салынды, бордақыланған мал мемлекетке 500 келі  орташа салмақпен өткізіліп, жоспар 108 пайызға орындалды. Мал басын асылдандыру және өнімділігін көтеру мақсатында шаруашылық ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз жұмыс істеді. Ірі қара мал басын өнімін артыру үшін Австрия, Белоруссия мемлекеттерінен  асыл тұқымды мал әкелініп, асыл-тұқымды шаруашылық дәрежесіне ие болды. 1990-1993 жылдары Мақаншы  аудандық атқару  комитетінің төрағасы, аудандық кеңестің төрағасы, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды.

Төлеген Бәкейұлы зейнеткерлікке  шыққан соң, 1994 жылдың қыркүйек айына дейін аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Төлеген Бәкейұлы ауыл шаруашылығын өркендетумен бірге,  ұлттық руханиятқа да өзіндік үлесін қосты. Шежіре жинақтап, «Тоғыз тума тарихы» кітабының жарыққа шығуына атсалысқан авторлардың бірі.

Жылқының сырын сыртына қарап сезетін, төрт түлік өмірінің бөлінбес бөлшегіне айналған азамат 1994 жылы «Бәкей» шаруа қожалығын құрды. Бүгінгі күні Үржар ауданындағы ірі шаруа қожалығына айналған бұл шаруашылық тізгіні ортаншы ұлы — Берікке тапсырған.

Шаруашылық асыл тұқымды «Әуликөл», «Шароле» етті бағытты мал өсіреді. 500 бас жылқы, 700 бас сиыр өрісте болса, 400 бас өгізше бордақылау алаңанда жемделуде. Сонымен бірге, егін егумен де айналысады. Қожалық иелігіндегі   9500 гектар алқаптың 1973 гектары егістік жерлер. Жаңа техника мен технология жетістіктің бастауы екендігін жақсы түсінген аграрийлер Үржар ауданы көлемінде бірінші болып тамшылатып суару әдісін енгізіп, инновациялық технологиямен екінші жыл қатарынан 75 гектар жүгері өсіріп жатыр. Орташа түсім гектарына – 4,5 тонна.

Үлкен ұлы Болат ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметке араласып, 12 жыл Ақшоқы ауылдық округі әкімінің қызметін атқарды. Ұлы Ерікпен Ақшоқы ауылында «Мыңғой-Агро» шаруашылығын құрып, асыл тұқымды «әуликөл» етті бағытты ірі қара мал өсіріп, өсімдік шаруашылығымен де айналысуда.  Шаруашылық иелігінде 10 600 гектар жер, 200 бас ірі қара, 150 бас жылқы бар.

Ал кіші ұлы – МәуленБ «Бәкей» шаруа қожалығы басшысының орынбасары.

Төлеген Бәкейұы жары Нұржамал Қабдолдақызымен бес балаға әлемнің жарығын сыйлап, ұлды ұяға, қызды қияға қондырды. 17 немере,  37 шөбере сүйіп отырған бақытты ата-әженің айтуынша,  бақыттың кілті – еңбекте.

-Адам – еңбегімен сүйкімді, қай уақытта болмасын, адамзат баласы бір-бірінен білімі мен пайым-парасаты арқылы ерекшеленген. Бүгін мәуелі бәйтеректей тамырымызды тереңге жайып, ұрпақтарымызбен көктеп отырғандығымыз – жас күніміздегі тынымыз жұмысымыздың нәтижесі деп ойлаймын. Уақытпен санаспай, өзімізге жүктелген міндетті жоғары дәрежеде орындауға тырыстық. Балаларымызды адал жолмен жүруге, әділдіктен аттамауға үйретіп, жастайларынан еңбекке баулыдық,- деген Төлеген Бәкейұлы.

Әке жолын жалғап, еңбекшілер династиясын қалыптастырған балалары мен немерелері ауданның дамуына атсалысып, әртүрлі қайырымдылық шараларына қатысу арқылы әлеуметтің әлеуетін арттыруға атсалысып жүр.

-Туған өлкенің көркеюіне үлес қосу – әрбір азаматтың парызы. Ауданда өтіп жатқан қоғамдық шаралардан қалыс қалмай, қолдау танытуға тырысамыз. Өз ісімізді дөңгелету арқылы үш шаруа қожалығында 25 ауылдасымызды жұмыспен  қамтып отырмыз. Жыл санап техникаларымызды жаңартып, еңбек өнімділігін арттыруға көңіл бөлеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, азық-түлік қауіпсіздігі жолында таза табиғи өнім өндіріп жатқанымызды мақтан тұтамыз. Алдағы уақытта да асыл тұқымды  мал басын арттырып, шаруашылығымызды кеңейте түсу – мақсатымыз,- деп атап өтті Болат Төлегенұлы.

Төлеген Жирентаев көп жылдар бойы еліне сіңірген еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Мемлекеттік шекараны үздік қорғағаны үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдары табысталды. «Үржар ауданының құрметті Азаматы» атанды.

Жаңалықтар

Люди в белых халатах – основа всей системы

Летний отдых у воды: правила, которые спасают жизнь

Өзекті мәселелер талқыланды

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – қашан да өзекті

Көл жағалауындағы сенбілік

Шаттық мерекесі

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Абаттандыру
  • Августовская конференция
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ата заң
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Байқау
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Дело чести
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Диалог с народом
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел қорғаны
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфраструктура
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Культурный код
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қоғам
  • Қоғам және заң
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдениет
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Образование без границ
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отандық өнеркәсіп
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өнер
  • Өңір
  • Памятная дата
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Полиция бөлімінен
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Рабочая повестка
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Социальная защита
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.