• RU
Понедельник, 2 июня, 2025
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Халық және билік

Абай облысының әкімі есептік кездесу өткізді

20.07.2023
in Халық және билік
Абай облысының әкімі есептік кездесу өткізді
Share on FacebookShare on Twitter

15 шілде күні аудандық Мәдениет үйінде Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаевтың Бородулиха ауданы тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында әр елдімекенде тоқсан сайын кездесулер өткізілді. Жыл басынан бері халықпен барлығы 36 кездесу, маусым айында 18 кездесу өткізіліп, 37 сұрақ келіп түсті. Олар негізінен, ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу және абаттандыру, ұялы байланыс сапасы және жайылымдық жерлер мәселелеріне қатысты болды.
Ағымдағы жылдың 6 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраев баяндама жасады.
— Ағымдағы жылдың 6 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 6 млрд 45 млн теңгені (2022 жылдың сәйкес кезеңі – 2 млрд 399 млн теңге), өсу қарқыны 251,9% (ХҚҰ – 230%) құрайды.
1084 шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді. 2022 жылдың сәйкес кезеңінде – 914 шаршы метр тұрғын үй, өсу қарқыны 118,6%. Жалпы ауданы 1500 шаршы метр болатын 10 жартылай жеке тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Жұмыспен қамту саласында атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталсақ. Ұлттық жобалар аясында бүгінгі таңда іс жүзінде 642 жұмыс орны құрылды, бұл жылдық жоспардың 56 %-ы.
Инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде 2023 жылы 27 адам жұмысқа орналастырылды, бұл жылдық жоспардың 96 %-ы, оның ішінде «Қуатты өңірлер — елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасы бойынша — 23 адам, Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасы бойынша — 4 адам.
«Бастау Бизнес» жобасының кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытуға 71 адам жіберілді.
— Ағымдағы жылдың басынан бастап жалпы сомасы 16 млн. 650 мың теңгеге 12 қатысушы 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде гранттар алды. Жылдық жоспар 100% орындалды.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 2023 жылға 80 млн. теңгеге 16 адамды қамту жоспарланған, бүгінде 15 млн. 500 мың теңгеге 4 өтінім мақұлданды.
— Ағымдағы жылдың басынан бастап қоныс аударушыларды қабылдау квотасына 13 адам (4 отбасы) енгізілді, бұл жоспардан 108 %-ға көп. Көшуге арналған субсидияларды төлеу және тұрғын үйді жалдау бойынша шығындарды өтеуге 6 млн. теңге бөлінді.
2023 жылдың басынан бері 9 отбасына жалпы сомасы 390 мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді, – деді аудан басшысы.
«Буркотово ауылына кіреберіс» жолын орташа жөндеуге 1 млрд 61 млн теңге бөлінді. 2023 жылдың сәуір айында жұмыстар басталды, жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған.
2023 жылға арналған «Ауы – ел бесігі» жобасы аясында 258 млн 736 мың теңгенің жұмысы жүргізілуде.
— Жезкент кентінде 68 млн 446 мың теңгеге жол және тротуарларды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
— Михайличенково ауылында 110 млн 802 мың теңгеге ауылдың көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
— Дмитриевка ауылында 64 млн 708 мың сомға көшелерді орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық маңызы бар үш жүз отыз жеті шақырым жолды күтіп ұстауға 152 миллион 890 мың теңге бөлінді.
2022-2023 оқу жылында ауданның 23 орта мектебін 228 оқушы тәмәмдады. Ұлттық бірыңғай тестілеуден орташа балл 83 балды құрап отыр. Аудан түлектерінің арасында 5 «Алтын белгі» иегері, 11 ерекше аттестат иегері бар. 2023-2024 оқу жылында 436 бүлдіршін 1 сыныпқа барады деп күтілуде.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру объектісінде орталық жедел басқару пультіне шығару жүйесімен бейнебақылау жүйесі орнатылған. IP камераларды жаңартуға 480 камераға 54 млн. теңге қаражат бөлінді. 26 мектепте жаңа камералар орнатылды.
2023 жылы барлық мектепте көркем әдебиет жаңартылып, жалпы сомасы 19 млн. теңгеге 6743 дана кітап сатып алынды.
Биыл 6 мектепке ағымдағы жөндеу жүргізуге облыстық бюджеттен 104 млн. 778 мың теңгеге бөлінді. Бұл: Абай атындағы негізгі мектеп, «Сахновка негізгі орта мектебі», «Жезкент кентінің мектеп лицейі», «Боровлянка негізгі орта мектебі», «Краснояр орта мектебі», «Орловка бастауыш мектебі».
Сондай-ақ, Комаров атындағы орта мектебіне, Новопокровка орта мектебіне және Жезкент кентінің лицейіне жаңа модификациялы физика, химия, биология кабинеттерін сатып алуға 2023 жылға 32 млн. 600 мың теңге бюджет қаражаты бөлінді.
Ауданда 33 мәдениет ошағы бар. 1 аудандық және 6 ауылдық Мәдениет үйі, 4 ауылдық клуб, 22 кітапхана бар. 4 жастан 18 жасқа дейінгі 400-ден астам қатысушы айналысатын 38 шығармашылық үйірме жұмыс істейді. Жыл басынан бері 210 бұқаралық, мәдени іс-шара өткізілді. Биылғы жылғы іс-шаралардың барлығы ауданымыздың 95 жылдығына орайластырып өткізілуде.
-149 спорт ғимараты бар. Мектеп спорт залдарын қосқанда, 98 – спорт залы, спорт мектебінде – 3 зал, дене шынықтыру-сауықтыру бағытында 47 ғимарат бар. 19 – футбол алаңы, 15 – спорт алаңы, оның ішінде 8 – жасанды жабындысы бар шағын футбол алаңы, Жезкент кентіндегі 1 – хоккей корты және Зенковка ауылындағы 1 – жабық хоккей модулі бар. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы әлі жүргізіліп жатыр, – деді Айдар Ибраев.
Содан кейін Абай облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев аудан тұрғындары алдында атқарылған жұмыстар, алдағы жоспарлар туралы баяндады.
— Осы аралықта біз барлық ұйымдастыру іс-шараларын шешіп, қысқа, орта, ұзақ мерзімді бағдарламаларды орындау үшін құжаттар әзірледік. Облысты дамытудың кешенді бағдарламасы қабылданды. Алайда, осы бағдарламаға кірмей қалған жоспарлар еліміздің Премьер-министрі облысқа келгенде қолдау тапты, — деді Н. Ұранхаев.
Бірінші жартыжылдықта облысқа 230 миллиард теңге инвестиция тартылған. Оның 15 милиард теңгесі Бородулиха ауданына тиесілі.
Сонымен қатар, облыс әкімі ауылшаруашылық өнеркәсібі туралы да тілге тиек етті. Бірінші жартыжылдықта ауылшаруашылық саласының ішкі өнімі 22%-ға өсті. Сонымен қатар, ірі қара саны артқан.
Аймақ басшысы дамудың негізгі бағыттары экологиялық және жағажай туризімін Шүлбі су қоймасында, Үбі, Михайловка және Жерновка көлдерінде дамытудың әлеуеті жоғары екендігін атап өтті.
Облыс әкімі су жүйелерін жаңғырту жұмыстарына да тоқталды.
-2026 жылы облыс бойынша 96 су құрбырларының құрлысы және жаңғырту жұмыстары жоспарланып отыр, оның 66-ы – ауылдық елдімекендерде. Ауыл тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін көпқабатты үйлер салынуда. Осы жылдың жартыжылдығында 130 мың шаршы метр баспана, оның ішінде 1 084 шаршы метр Бородулиха ауданында салынды.
Жоспарлы түрде жұмыссыздық мәселесі шешіледі. Бірінші жартыжылдықта 4,8 пайыз болды. Осы жылы 24 926 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр, – деді аймақ басшысы.
Баяндамалар аяқталғаннан кейін облыс әкімі ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Тұрғындар алдында сөйлеген сөзінде Нұрлан Тельманұлы Бородулиха өңіріне қордаланған мәселелерді халықтың өз аузынан есту мақсатында келіп отырғанын айтты.
— Өңірде шешімін таппай жатқан мәселелердің бар екені сөзсіз. Мен оларды тыңдағым келеді, өйткені мәселені айтпасақ, көтермесек, оны шешудің де жолын таба алмаймыз, – деді ол бұл орайда.
Облыс әкіміне «Аудан орталығында жатақхана салу жоспарда бар ма?», «Биыл Семей-РФ республикалық тас жолын күрделі жөндеу жалғаса ма?», «Аудан орталығында бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қашан аяқталады?», «Новопокровкадан Белағашқа дейінгі жол қашан аяқталады?» сынды сауалдар қойылды.
Жиында электр энергиясының тарифтерін көтеру мәселесі айтылды. Тарифтердің қанша рет көтерілгені, бірақ электр желілерінің жаңартылмайтыны қозғалды. Көктемде су басу қаупін тудыратын Жура өзенінің арнасын тереңдету туралы ұсыныс жасалды. Республикалық автожолдың және Новопокровка және Белағаш ауылдары арасындағы жолдарды жөндеуге қатысты мәселелер бойынша оң жауаптар берілді – келер жылы бұл іс алға жылжиды. Сондай-ақ, биыл дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталатыны айтылды.
Бұл күні қойылған сұрақтардың барлығы бойынша Нұрлан Ұранхаев тиісті басқарма басшыларына міндеттеме жүктеп, оларды бақылауға алатынын жеткізді.
Есептік кездесуден кейін облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жоспарланған халықпен есептік кездесуден кейін азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап, сауалдарына жауап берді.
Аймақ басшысының қабылдауына 10 тұрғын жазылды. Жеке кездесу барысында аудан азаматтары жергілікті халық үшін маңызды жолдарды жөндеу, ауызсумен қамту, сапалы ұялы байланыс пен интернетті қамтамасыз ету, қолжетімді баспана салу, медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру, көшелерді жарықтандыру туралы мәселелерді көтерді.
Жеке қабылдауға жазылған тұрғындардың сауалдары мен өтініш-тілектерін тыңдаған аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев оларды шешу жолдарын қарастырып, бірден жеке қабылдау барысында қатысқан жауапты басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Базынасын айтып келген бұқараға облыс әкімі айтылған барлық мәселені жеке бақылауына алатынын және келесі кездесу барысында солардың орындалуы жайлы ақпарат беретінін жеткізді.

Сұлтан Ибрагимов

Жаңалықтар

Как избежать пожара при приготовлении пищи на открытом огне

Осторожно: начинается купальный сезон!

След из прошлого: раскрытие преступления в Зенковке

Работники культуры Бородулихинского района отмечены на областном уровне

Пополнение автопарка ПЧ-12 села Бородулиха

Прощание со школой

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Абаттандыру
  • Августовская конференция
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ата заң
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Байқау
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Диалог с народом
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел қорғаны
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфраструктура
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Культурный код
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қоғам
  • Қоғам және заң
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдениет
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отандық өнеркәсіп
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өңір
  • Памятная дата
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Полиция бөлімінен
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Рабочая повестка
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Социальная защита
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.