Аудандық Мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметшілер күні мен Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты жиында Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Сапоров ел үшін ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген қос саланың қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.
— Өз міндеттерін кәсіби деңгейде атқарып, еліміздің тәуелсіз, әлеуметтік және құқықтық мемлекетке айналуына мемлекеттік қызметкерлердің қосқан үлесі зор болса, ал қоғам дамуының басты мұраты саналатын — елдің тыныштығын сақтап, жоғары кәсіптілікті және асқан жауапкершілікпен қызмет жасап жүрген полиция қызметкерлерінің де еңбегі ерен. Жауапты міндет жүктелген мамандықты меңгеріп, Бородулиха жерінің тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен дамуы, көркеюі жолында талмай еңбек етіп келе жатқан Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін, — деді.
Іс-шара марапаттау рәсімімен жалғасты. Аудан әкімінің грамоталарымен Күмісбеков Ризат, Сутормина Юлия, Пичитаева Сайран, Гузеева Наталья, Байғұлова Қарлығаш, Базилова Гүлнар, Оразалина Анар, Юсупов Ерхат, Иванова Анна, Шнайдер Ольга, Мадиева Арайлым, Аманжолов Асхат марапатталды.
Алғыс хаттар – Бергенева Рената, Қабимолаева Райхан, Солтанғазин Асхат, Байбатшаева Асия, Мұқышев Бақытжан, Зейнелғазинов Мәди, Нұржанов Рашид, Қыдырманов Әділ, Ахмедов Ілиясқа табыс етілді.
Спартакиадаға қатысқаны үшін Бородулиха ауданы әкімінің алғыс хаттарымен Молдажанов Алтай, Есенжолов Ойрат, Лазарев Григорий, Шакенов Ертай, Жүнісов Әділбек, Мартаев Альви, Құдайбергенов Бахтияр, Қайырбеков Қанат, Букомбаева Айгүл, Молчанова Ботагөз, Черкасова Ольга, Жұмабекова Айгерім, Асемханова Гаухар, Топоркова Елена, Романенко Кристина, Торопов Александр марапатталды.
Осылайша, өңірдің өркендеуі мен дамуы үшін аянбай еңбек етіп, өздерінің қызметтерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген ең үздік қызметкерлерге қошемет көрсетілді.
Мерекелік шара мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты, жанды дауыста шырқалған патриоттық әндер, халық билері кеш қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.
Шайза АСАНҚЫЗЫ,
«Жаңа уақыт»