• RU
Суббота, 7 июня, 2025
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҰРПАҚҚА АМАНАТ

19.03.2025
in Жаңалықтар
ҰРПАҚҚА АМАНАТ
Share on FacebookShare on Twitter

Білім беру қызметкерлерінің ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ардагер ұстаздар арасында облыстық «Ұрпаққа аманат» атты эссе жазу онлайн-байқауы өтті. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, рухани мұраны жаңғырту, аға ұрпақтың өмірлік тәжірибесін кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында қолға алынған байқауға Бородулиха ауданының ардагер ұстаздары қатысты. Жұмагүл Жакенова І орын алса, Сайлауғайша Әлімбаева ІІ орын иеленді. Ал Зейнеп Каирова «Тіл жанашыры» аталымына ие болды. Ардагер ұстаздарымызды марапаттарымен құттықтай отырып, Сайлауғайша Оралбайқызының байқауға ұсынған эссесін назарларыңызға ұсынамыз.
Редакциядан

Сәлеметсің бе, бақытты ұрпақ! Иә, сен бақыттысың. Себебі, қойнауы құтқа толы ұлан байтақ жерің бар, «жаным арымның садақасы» деп, біреудің ала жібін аттамаған, жетімін жылатпаған, жерінің шетін жауға бастырмаған, бақытын адал еңбектен тапқан «қазақ» деген дана халқың бар.
Қолға қалам алудағы мақсатым: келер ұрпақ, сендер, сол ата-бабасының өткен өмір жолын тереңірек білсін, жақсы істерінен ғибрат алып, болашағына бағдар жасасын деген ой. Олардың алты малтаны азық етіп, соғыстың, аштықтың, түрлі саяси нәубеттердің бар қиыншылығын басынан өткерсе де, ел бірлігін, берекесін сақтаған тағдыры мен тауқыметін, адами болмысы мен кесек мінездерін, қарапайым даналығын ұрпаққа жеткізу. Бабаларымыз аттың жалы, түйенің қомында жүріп-ақ тұлпар мініп, ту ұстаған. Жауға жанын берсе де жерін бермеген. Бүгінде,сол ғасырлар бойғы бабалар арманы орындалып, тәуелсіз ел болдық. Қазақтың басына бақ қонды. Тәуелсіздік-қасиетті ұғым! Біздің осы бақытты, бейбіт өміріміз үшін олардың жасаған жанқиярлық ерлік істері мен ерен еңбектері, адамдық биік тұлғалары мақтаныш сезіміне бөлейді, ертеңге бағыт, бағдар береді.
Ұрпағым! Тарих өткен өмірді сөз еткенмен бүгінге және болашаққа қызмет етеді. Ол – өміртанудың ұлы мектебі. Өткенге көз жібер, тарихыңды таны, одан кейін заман ағымына қарай жаңаша ойла дегім келеді. Тек, жаһанданудың илеуінде кетпей дәстүр салтымызды, қазақы қалпымызды сақтап, ұлттық болмыс, рухани асыл қасиеттерден ажырап қала көрме. Тарихтың қатпар-қатпар тереңінен бастау алып, уақыттың не бір сұрапылында шашылып төгілмей бізге жеткен асыл мұрамыз бар. Ол – халықтың тілі, ділі, әдет ғұрпы, салт дәстүрі. Бүгін заман өзгерді. Өзгермейтін бір-ақ нәрсе бар. Ол – адам бойындағы асыл қасиет адами құндылықтыр. Ол- мейірім, махаббат, әділет, қанағат, инабат, рахым, адалдық, имандылық. Әр адам осы имани қасиеттерді бойына жинақтап өссе, қазіргі қоғамда көрініс тауып жүрген кейбір жат қылықтар мен қатыгездіктен ада болар ма еді.
Әлем әрқашан жаңалыққа толы. Ғаламтор арқылы неше түрлі жағымсыз ақпараттар жастардың санасын улауда. Әлеуметтік желілерде ақпараттық шабуыл жасаушылар, адамды албаты даттаушылар көрініс табуда. Діни фанатизм мен алаяқтық әрекеттер де көп. Сақалы беліне түскен сақалдылар мен бет аузын тұмшалап қара жамылған қыздарды жиі кездестіретін болдық. Бұлар теріс діни ағымдағы ақпараттарға иланып, адасып жүрген жастар. Бұл біздің ұлттық санамызға да ұлттық дәстүрімізге де мүлде сәйкес келмейді. Қазақ қыздары ешқашан бетін бүркеп, қара жамылмаған. Қара жамылуды қайғы қасіретке, жаман ырымға балаған.
«Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып ,жүрсе ақырын.
Кәмшәт бөрік,ақ тамақ қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін»- деп, жырлаған ұлы Абай. «Қыз өссе -елдің көркі»деп, олардың ақылына, көркіне, нәзіктігіне сүйсінетін халқымыз қыздарына алтыннан алқа, күмістен шолпы соқтырып, торқадан қамқа, жібектен көйлек кигізіп, аялап өсірген.
Қазақ жігіттері сусардан бөрік, құндыздан ішік, былғарыдан оюлы етік киген. Жасына қарамай ақылы асқанды аға тұтқан, ізеттіні іні көрген. Әдептен аспаған, дәстүрден озбаған. Аманатқа қиянат жасамаған.
Ұрпағым! Еліміздің ертеңі – сендерсіңдер. Тәуелсіз еліміздің тағдыры сендердің қолдарыңда. Сендерге тек батылдық, әділдік, қырағылық жарасады. Ғасырлар бойы сақтап келген ұлан байтақ жерімізді, ұлттық құндылықтарымызды көзінің қарашығындай қадірлеп, оны келер ұрпаққа жеткізу- әрбір адамның азаматтық борышы. Ол енді – саған аманат.
Білім ал, еңбекті сүй, бақытты, дәулетті бол. Бар болу, дәулетті болу заман үрдісі. Бірақ, адамның кеудесінде иманы кәміл, пейілі таза болмаса, ол байлық тәкапарлыққа, дүниеқоңыздыққа апарары сөзсіз. Ақша, байлық қуып, халық несібесін қымқырып, қылмысқа ұрынып жатқандар қаншама. Ондайдан сақ бол, ұрпағым. Оңай олжамен келетін арам байлыққа қызықпа. Ана тіліңді сүй, құрметте. Оны қорғай біл. Алдыңа биік мақсаттар қой. Жақсы адамдардың жанында жүр, жақсылармен жолдас бол.
-Бақ, қайда барасың ?
-Береке-бірлігі жарасқан елге барамын!-деген екен.
Халқыңның бақыты береке-бірлікте екенін есіңде ұста. Қандай заманға тап болсаң да «қазақ»деген дана халықтың ұрпағы екеніңді ұмытпа!

Сайлауғайша Әлімбаева,
зейнеткер ұстаз, Қаз КСР білім беру ісінің үздігі

Жаңалықтар

Өзекті мәселелер талқыланды

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – қашан да өзекті

Көл жағалауындағы сенбілік

Шаттық мерекесі

Белый порох под ногами: почему тополиный пух — не безобидная пыльца, а причина пожаров

Где живет добро

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Абаттандыру
  • Августовская конференция
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ата заң
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Байқау
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Дело чести
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Диалог с народом
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел қорғаны
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфраструктура
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Культурный код
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қоғам
  • Қоғам және заң
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдениет
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отандық өнеркәсіп
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өнер
  • Өңір
  • Памятная дата
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Полиция бөлімінен
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Рабочая повестка
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Социальная защита
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.