Биыл адамзат тарихындағы ең қасіретті Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толады. Соғыс жылдарында 60 миллионнан астам адамның өмірі қиылып, әлемнің саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымына үлкен өзгеріс әкелді.
Жеңістің 80 жылдығын атап өту тек тарихты еске алу емес, оның зардабын ұғынып, сабақ алу арқылы бейбітшіліктің қадірін түсіну деп білеміз.
Менің әкем – еңбек ардагері және Ұлы Отан соғысының қатысушысы Серегин Михаил Игнатьевич.
Ол 1922 жылы 19 қарашада Мордовияның Ренников ауданындағы Каменный брод ауылында дүниеге келген.
1940 жылдың жазында Семейдегі Чернышевский атындағы мектептің 10 сыныбын бітіргеннен кейін, Қызыл Әскер қатарына шақырылып, Чкалов әскери зениттік артиллерия училищесіне қысқа мерзімді курсқа жіберілді. Оқуды бітіргеннен кейін ол 2 девизияның 5 батареясында қызметін жалғастырды. 1941 жылдың жазынан 1942 жылға дейін әкем қызмет еткен полк Мәскеу қаласының әуе қорғанысын қамтамасыз етті. 1943 жылы взвод, одан кейін әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскері 1550 батареясының командирі болып тағайындалды. 1945 жылдың тамызынан полк Қызыл Армия әскери-әуе күштерінің 3-ші полкы болып өзгертілді.
Әкем өзінің даңқты армиясымен және полк құрамымен бірге Гжатск қаласынан Нойбрандербург қаласына (Германия) дейін даңқты жауынгерлік жолдан өтті. Полк 1946 жылдың 19 маусымында таратылды. Әкем Беларусияны азат еткені үшін көптеген жауынгерлік наградалармен және Отан соғысы орденімен марапатталды.
Соғыстан кейін ол Қиыр Шығыста қызметін жалғастырып, үйге 1956 жылы оралды.
1957 жылы Белағаш элеваторына учаске өндірісінің меңгерушісі болып жұмысқа қабылданды. 1969 жылдың қаңтарынан 1970 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласында астық өнімдері Министрлігі жанындағы Республикалық басшы кадрлар мектебінде оқыды. Мектепті бітіргеннен кейін Белағаш элеваторы директорының орынбасары болып тағайындалды, кейіннен Белағаш нан өнімдері комбинаты болып өзгертілді. 1976 жылдан 1979 жылға дейін Қазақстан КП Бородулиха аудандық комитеті жанындағы партиялық оқу жүйесінде жоғары саяси білім алды. Бастауыш партия ұйымының парторгы болып сайланды және ауыл жастарымен белсенді жұмыс жүргізді.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін әкем қызметінде қалды. Өмірінің соңғы күндеріне дейін біздің округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. Әрдайым өзгеге қол ұшын созып, жақсылық жасауға ұмтылатын әкем бізді ораншылдық рухта тәрбиеледі. Адал еңбек ті, әділдік пен турашылдықты үлгі етті.
Әкем 2009 жылдың мамырында, 87 жасында өмірден өтті. Бірақ, өшпес рухы мен еліне деген сүйіспеншілігі кейінгі ұрпаққа үлгі. Ерлік ешқашан ұмытылмайды.
Ольга Каширская,
Белағаш ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы