• RU
Среда, 14 мая, 2025
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Баспасөз мәслихаты

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТ АРТЫП КЕЛЕДІ

04.12.2024
in Баспасөз мәслихаты
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ӘЛЕУЕТ АРТЫП КЕЛЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Семей қаласындағы Абай облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраевтың он ай бойынша өңірдегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша брифингі болып өтті.
БАҚ өкілдері алдында баяндама жасаған Айдар Маратұлы аудан көлеміндегі атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырып өтіп, келергі жылға алға қойылған жоспарлармен де бөлісті.

Өндіріс көлемі өсуде
Жалпы бүгінде Бородулиха ауданы әкімдігінің қызметі аудан экономикасын одан әрі нығайтуға, әлеуметтік салаға даму енгізуге, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тапсырмаларын орындауға бағытталған, олардың негізінде қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту мәселесі жатыр.
Міне, осынау орайда биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 55 миллиард 363 миллион теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 107,7% өсті.
Атап айтсақ, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру – 48 миллиард 940 миллион теңге болса, өңдеуші өнеркәсіп – 3 миллиард 985 миллион теңгеге жеткен. Бұл ретте өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі– 91,8 пайызды құрап отыр.
Сонымен қатар, биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 31 миллиард 32 миллион теңгені құрады, өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі – 113,3%.
Ал, ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында бөлшек сауда көлемі 11 миллиард 664 миллион теңге, өсу қарқыны – 99,5%, – 94,6% болды.
Көтерме сауда көлемі екі миллиард 414 миллион теңге, өсу қарқыны – 122,7%, өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі– 127,0%.
Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1544 бірлік, өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 96,2%. Тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының саны 175 бірлік, өткен жылдың осы кезеңіне 99,4%. Ағымдағы жылдың он айында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 145 бірлік, өткен жылдың тиісті кезеңіне 102,1%.
Биылғы жылдың 1 қарашасына дейін аудан бюджетінен 5 миллиард 842 миллион теңге кіріс түсті, бұл 110%. Нысаналы трансферттер 2 миллиард 284 миллион теңгені құрады.
Ауданның бюджеті өз кірістері бойынша 127,3% орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 140,2% болды.
Ағымдағы жылдың өткен он айында аудан бюджетінен шығыстар 96% орындалды.

Агроөнеркәсіп саласында жетістік мол
Бородулиха ауданы облыстың ірі агропроөнеркәсіптік аудандарының бірі болып табылады. Жалпы жер көлемі 698 мың га, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер 475,5 мың га, оның ішінде егіс алқаптары 356,4 мың га, жайылымдар 105,8 мың га, шөп шабындықтары 8,2 мың га.
Биылғы жылы жалпы егіс алаңы 356 мың 716 га құрады, оның ішінде жаздық себу 311 мың 238 га. 2022-2024 жылдары егіс алаңы 34 мың га-ға артты, ал жаздық себу 20,7 мың га-ға көбейді.
Аудан әкімі айтып өткендей, ауданның ауыл шаруашылығы бағытында өсімдік шаруашылығымен қатар дамыған мал шаруашылығы да бар. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 35%-ын құрайды. Ауданда 403 ауылшаруашылық тауар өндірушісі тіркелген. Ауылшаруашылық техникасын жаңарту жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Мемлекет тарапынан қолдау зор.
-2022-2024 жылдары ауылшаруашылық тауар өндірушілері 34 миллиард 340 миллион 602 мың теңге сомасына 2034 бірлік өздігінен жүретін ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын сатып алды. Оның ішінде 224 трактор, 103 астық жинайтын комбайн, 29 себу кешені және 1678 басқа ауылшаруашылық техникасы бар, — деді өз баяндамасын Айдар Маратұлы.
Ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру бойынша жетістік көп. Мысалы
биылғы жылдың ағымдағы кезеңінде «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы «Кең дала», «Кең дала 2» бағдарламалары бойынша ауданның 20 шаруашылығына 542 миллион 175 мың теңге сомасына қаржыландыру берілді.
Субсидиялау мәселесіне тоқталсақ, ағымдағы жылы барлық бағыттар бойынша субсидияға өтінімдер сомасы 3 миллиард 327 миллион теңгені құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығына – 3 миллиард 232 миллион теңге бөлінді.
Аудан бойынша инвестициялық салымдар бойынша субсидиялау 1 миллиард 768 миллион 171 мың теңгені құрады, оның ішінде резервте – 365 миллион 741 мың теңге.
Аудан соңғы жылдары мал және құс басының саны мен мал шаруашылығы өнімдерінің көлемінің аздап өсіп келе жатқанын байқап отыр. Мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының саны артты. Бүгінгі таңда мал шаруашылығымен айналысатын 45 ауылшаруашылық құрылымы бар, жалпы мал басы 7785 басты құрайды, негізінен бұл 25-тен жүз басқа дейінгі мал басымен айналысатын шағын қожалықтар.
Сонымен қатар, қазіргі таңда ауданда төрт асыл тұқымды шаруашылық, үш сүтті бағытта өнімділік бойынша, бір етті бағытта және үш ара шаруашылығы бар. Ірі қара малдың тұқымын жақсартумен екі шаруашылық айналысады.
Сүт жинаумен сегіз ауылдық округ қамтылған. Қазіргі уақытта сүт жинаумен үш сүт қабылдау пункті айналысады. 11 айда сүт қабылдау пункттері 1265 тонна сүт жинады. Қалған сүт Семей қаласының базарларында сатылады. Сүт фермалары биылғы жылы жалпы көлемі 3321 тонна сүт өндірді.

Жаңа жобалар оң нәтиже беруде
Жыл басынан бастап аудан аумағында аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Атап айтқанда: «Бородулиха–Пол-Лог 0-5,5 км аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу» және «Жезкент ауылының кіреберіс жолын үш км орташа жөндеу» жобалары іске асырылды.
Сонымен қатар, «Бородулиха Пол-Лог 5,5-13,5 км аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу» жобасы бойынша жұмыстар басталды, осы жоба бойынша ағымдағы жылы су тасқынын ескере отырып жобада өзгерістер енгізілді. Жоба екі жылға бөлініп, жұмыстардың аяқталуы келергі жылға жоспарланған.
«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында биылғы жылға 191 миллион 700 мың теңге бөлінді. Орындалған жұмыстар қатарында «Новая Шульба ауылының көшелерін орташа жөндеу» жобасы бар. Ол бойынша конкурс рәсімдері аяқталды.
«Камышенка ауылындағы Мира көшесін орташа жөндеу» жұмыстары аяқталды.
Аудан бюджеті есебінен Бель-Ағаш, Новопокровка және Бородулиха ауылдарындағы көшелердің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүзеге асырылды. Жұмыстар аяқталды.
Көшелерді жарықтандыру жұмыстары аяқталды, жалпы үш елді мекенде 403 жарықтандыру бағаны орнатылды. Атап айтсақ, Бель-Ағаш, Зенковка, Камышенка ауылдарында көше жарықтары бар.
Биыл 17 екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Жалпы алаңы 3000 шаршы метр болады. Сонымен қатар, 34 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бородулиха ауылында он үй, Михайличенково ауылында екі үй, Новопокровка ауылында бес үй пайдалануға берілді. Бұл үйлер 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту концепциясы аясында және Республикалық бюджеттен бөлінген кредиттік қаражат есебінен салынды. Жалпы сомасы 475 миллион 200 мың теңге. Қазіргі таңда бес категория бойынша 464 адам тұрғын үй алу үшін кезекте тұр.
Қысқы жол күтімі үшін аудан бюджеті есебінен 71 миллион теңге бөлінді. Қаражат округтер арасында тең бөлініп, қар тазалау және шығару бойынша мердігер ұйымдармен арнайы келісім-шарттар жасалды.
-Ауданда қар тазалайтын техниканың саны 70 бірлікті құрайды. Олар елді мекендердегі көшелерден қар шығаруды және аудандық маңызы бар жолдарды тазалауды тұрақты түрде жүзеге асырады, — деді Айдар Маратұлы өз сөзінде.

Әлеуметтік нысандар жұмысы назарда
Аудан әкімі Айдар Ибраев сонымен қатар, биылғы жылы басталған және қарқынды жүргізіліп жатқан жұмыстармен де танысты. Бұл орайда жылумен жабдықтау нысандары салынып, бірқатары жаңартудан өткен.
«Новая Шульба ауылындағы блокты-модульдік қазандықты салу» жұмыстары аяқталуға жақын, орындалған жұмыс көлемі 80%.
Сол тәрізді «Новая Шульба ауылындағы жылу желілерін салу» бойынша келісімшарт екі жылдық мерзімге өзгертілді. Жұмыстар 70% орындалды.
Бұл объектілер бір-бірімен байланысты және Новая Шульба ауылындағы орта мектеп, балалар үйі, дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі және ауылдық әкімдік ғимараттарын жылумен қамтамасыз етуі тиіс.
«Березовка ауылының ішкі су құбыры желілерін салу» жұмыстары да аяқталуға жақын. Ішкі су құбыры желілерінің ұзындығы 3,8 км құрайды, су құбыры толықтай тартылды. Желіні алдағы желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарлануда.
«Ауылдық денсаулық сақтауды модернизациялау» пилоттық жобасы аясында Успенка ауылында медициналық пункт ашылды, сондай-ақ Аул ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт және Новая Шульба ауылында дәрігерлік амбулатория ашу жоспарлануда.

Инфрақұрылымдар жаңаруда
Аудандағы спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша биыл біршама іс-шаралар атқарылды. Атап айтсақ, Камышенка, Жерновка, Новая Шульба, Дмитриевка ауылдарында төрт футбол алаңы орнатылды, Жерновка ауылында бір хоккей корты және Ивановка ауылында воркаут алаңы орнатылды.
Бородулиха ауылында жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің техникалық ашылуы өтті. Бұл жобаларда барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтау және қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін уақыт қажет. Қызметкерлер штаты құрылып, жаттығу кестесі мен қатысу шарттары жасалады. Осыдан кейін ресми ашылуы болады.
-Бұл шаралардан бөлек, Бородулиха ауылында 47 бейнебақылау камерасы орнатылды. Орман өртін сөндіру кезінде қаза болғандарға арналған ескерткіш парк ашылды, бұл біздің батырларымызға құрмет көрсетудің белгісі, — деді аудан әкімі.
Аудан көлеміндегі 12 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жеті пән кабинеті сатып алынды. Ауылдық аймақтардағы негізі мектептердің әлеуетін арттыру жобасы аясында Бородулиха ауылындағы А. Бокейхан атындағы қазақ мектебі жаңартылып, 30-дан астам заманауи оқу және зертханалық құралдармен жабдықталды.
Сонымен қатар, аудандағы мал шаруашылығы саласы бойынша ветеринариялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселелері ерекше назарда тұр.
-Бұл сала ерекше бақылауда. Қазіргі таңда Бородулиха, Жезкент, Жерновка, Зубаир, Новопокровка, Новая Шульба, Камышенка ауылдарында биотермиялық шұңқырлар мен мал сою алаңдарын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, — деді Айдар Маратұлы.
Аудан әкімі өз сөзінде өңірдегі бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне де кеңінен тоқталды.
Бұл ретте билы Новая Шульба ауылындағы балаларды қолдау орталығы аумағында жабық хоккей кортының құрылысы жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Петропавловка ауылында мини-футбол алаңының құрылысы жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, Дмитриевка ауылында балалар мен спорт алаңының құрылысы жобалық-сметалық құжаттамасы аяқталды.

Алда ауқымды міндеттер тұр
Айдар Маратұлы өз сөзінде алдағы 2025 жылға жоспарланған жобалар жайында да кеңінен сөз етті. Бұл орайда аудан бюджеті есебінен бірқатар жобаларды қаржыландыру көзделініпті. Жоспарлы жұмыстардың қатарында Переменовка ауылындағы су құбыры желілерін қайта құру, Новая Шульба ауылында табиғи мұзбен жабдықталған жабық хоккей алаңының құрылысын салу, Жерновка және Камышенка ауылдарында жүз орындық ауыл клубын салу, Петропавловка ауылында спорттық-мәдениет орталығын салу, Петропавловка ауылында жасанды жабындысы бар мини-футбол алаңының құрылысын жүргізу тұр. Бір бұл емес, сонымен қатар, «Ауыл-Коростели» және «Новопокровка-Бель-Ағаш» аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын 0-10 км орташа жөндеу, Ауыл стансасы мен Песчанка ауылында көше жарықтандыруын орнату, Бородулиха ауылындағы сегіз көшені орташа жөндеу, Зенковка және Песчанка ауылдарындағы көшелер жөндеуден өткізу, Дмитриевка және Березовка ауылдарында балалар алаңы мен спорттық кешен салу қажет.
Сол тәрізді келергі жылы Дмитриевка ауылдық әкімдігі ғимаратының фасадын және Березовка ауылдық клуб ғимаратының ағымдағы жөндеуі де кезек күтіп тұр.
-Біздің ауданымызда әлеуметтік-экономикалық дамудың әлеуеті зор. Алдымыздағы міндеттерді орындауда қажетті қаржылық ресурстар жеткілікті қамтамасыз етілген. Олардың іске асуы көп жағдайда әрқайсымызға, біздің еңбекқорлығымызға және де табандылығымызға, сондай-ақ ортақ мақсат жолында бірлесіп күш жұмылдыра білуімізге байланысты болады, — деп аяқтады өз баяндамасын Айдар Маратұлы.

Ай-Керім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Жаңа уақыт»

Жаңалықтар

Ұлттық спортты ұлықтады

Санжардың кезекті жеңісі

Развитие, ориентированное на будущее

Майдангер сүйегі туған жерге жеткізілді

Аудан ахуалымен танысты

Татулық – біздің тірегіміз

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Августовская конференция
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ата заң
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Байқау
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел қорғаны
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфраструктура
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қоғам
  • Қоғам және заң
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдениет
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өңір
  • Памятная дата
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Полиция бөлімінен
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Рабочая повестка
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Социальная защита
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.