• RU
Воскресенье, 22 июня, 2025
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Әкімдік

Ұстаз болу – жүректің батырлығы

06.03.2023
in Әкімдік, Білім
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Share on FacebookShare on Twitter

«Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, келешек жас ұрпақтың саналы болып қалыптасуы олардың білімге деген ізденісінің арқасында жүзеге асатыны анық.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше мейірімділікті қажет ететіні – ұстаздық мамандық.  Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шеберлері – кәсіби ұстаздар жетерлік. Солардың бірі – Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебінің мұғалімі Бейбітгүл Еркінғазықызы Ахметжанова. Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған Бейбітгүл Еркінғазықызы жайлы ерекше ілтипатпен айтуға болады.

Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», – деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы.

Бейбітгүл Еркінғазықызы Ахметжанова Абай облысының Тарбағатай ауданындағы Өйшілік ауылында 1986 жылы, көктемнің шуақты күні 25 наурызда дүниеге келген. Ұстаздық жолда жүруді бала кезінен армандаған ол сол арманының жетегіне еріп, 11-сыныпты тәмәмдаған соң, Семей қаласындағы «М. Әуезов атындағы Семей университетіне» бастауыш сынып мұғалімі мамандығына оқуға түседі. Университетті 2007 жылы аяқтайды. Оқуын бітіргеннен кейін жас маман өзінің еңбек жолын Бородулиха ауданының Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебінен бастайды. Сол жылдардан бері осы мектепте ұстаздық жолын үздіксіз жалғастырып келеді.

Осылайша, үлкен жауапкершілік жүктейтін ұлы мамандыққа ынтыға кірісіп, еңбек етіп келе жатқанына да 15 жылдай уақыт болыпты. Ауыры мен жеңілін, шуағы мен дауылын қатар тосқан ұстаздық жолда түйген пәлсапалық ұстанымы – үнемі жаңашылдыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Сондықтан да болар, педагогикалық шеберлікке талпыну мен өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарау оны басқа әріптестерінен ерекшелеп тұрады.

Ол «Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» өзекті тақырыбын басшылыққа алады. Оқу үдерісінде 7 модульдің элементтерін ықпалдастыра  және аймақтық компонентті пайдалана отырып, сабақтарын тартымды да қызықты өткізеді. Үнемі шығармашылық ізденісте. Педагогикалық тәжірибесін ұштау мақсатында жүйелі түрде біліктілігін көтеріп, кәсіби конкурстар мен ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысады.

Бейбітгүл Еркінғазықызының жетістіктері өте көп. Оның әр жылдары бағындырған белестеріне шәкірттерінің жеткен жетістіктері дәлел бола алады. Мәселен,  2019 жылы аудандық пәндік олимпиадада қазақ тілі пәнінен оқушысы Толғанай Орынхан үшінші орынды иемденеді. Сол жылы  1-7 сыныптар арасында өтетін «Зерде» ғылыми жобасы бойынша аудандық, облыстық, республикалық кезеңдерден Ислам Аманбаев «Қазақтың ұлттық бұйымы  торсықты әзірлеу және тері торсықты заманауи пластикалық  бір реттік қолданыстағы ыдыстармен салыстыру» атты жобасын қорғап бірінші орынды иемденді.

2019 жылы бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңінде «Асық» номинациясы бойынша Ислам Аманбаев пен Әлихан Кабиденов екінші орынды еншіледі. Сол жылы Бейбітгүл Еркінғазықызының өзі «Заманауи білім беру жүйесі: өткеннен тәжірибе – болашаққа бағдар» атты облыстық педагогикалық оқуларында бірінші орынды иемденді.

2020 жылы 1-7 сыныптар арасында өтетін «Зерде» ғылыми жобасынан аудан бойынша бірінші орынға, облыстық кезеңнен үшінші орынға табан тіреген Ақнұр Оразғалиева «Қызанақ өсірудегі жұмыртқа қабығының пайдасы» атты жобасын сәтті қорғап шықты.

2020 жылы Бейбітгүл Еркінғазықызының оқушысы Ислам Аманбаев аудан әкімі О. Булавкинаның және 2021 жылы облыс әкімі Даниал Ахметовтың «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Сонымен қатар Бейбітгүл Еркінғазықызы 2021 жылы республикалық «Дарын» орталығының басшысы А. Боранбайдың  «Құрмет грамотасына» ие болды. 2022 жылы «Білім өркениетінің» ұйымдастыруымен өткен «Үздік ғылыми жоба – 2022» атты республикалық конференцияда бірінші дәрежелі дипломмен марапатталып, төсбелгі тақты. Сол жылы Бейбітгүл Ахметжанова Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық педагогикалық олимпиадада үшінші орынды еншіледі.

Ұстаз үшін биылғы 2023 жыл да нәтижелі басталды. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының өңірлік кезеңінен 156 ұстаздың ішінен топ жарды, нәтижесінде, бірінші орынды жеңіп алып, республикалық кезеңге жолдама алды. Республикалық кезеңде мектебінің, ауданның, облыстың үмітін ақтап, 153 ұстаздың ішінен жүлделі үшінші орынды еншіледі. Қазіргі таңда ол өзге де ұстаздарға үлгі болып, әріптестеріне жол көрсетіп келе жатыр.

Бейбітгүл Еркінғазықызы ұстаз ғана емес, отбасының ұйытқысы, сүйікті  жар. Үш ұл, бір қызды тәрбиелеп отырған аяулы ана.

Әр ұстаз XXI ғасыр мұғаліміне сай болу үшін ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болуы қажет. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.

Бейбітгүл Ахметжанованың танымы өте жоғары, демек, білімді, дарынды, шәкірттеріне талап қоя білетін, өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, әрқашан ізденісте жүретін педагог әрі шебер ұйымдастырушының алар асулары, шығар белестері әлі де алда. Мұндай ұстаз болашақта мықты шәкірттерді тәрбиелеп шығаратынына сеніміміз мол.

Серік Тілекұлы

Tags: Білім – шамшырақ

Жаңалықтар

Жұмыс сапасы бақылауда

Тәртіп сақшысы – Темірлан

БІЛІКТІ ДӘРІГЕР – ҰЛТ САУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Маңызды мәселелер қаралды

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР БОЛУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Көше жөнделеді

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Абаттандыру
  • Августовская конференция
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ата заң
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Байқау
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Бәрекелді
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Дело чести
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Диалог с народом
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел қорғаны
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфраструктура
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Культурный код
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қауіпсіздік
  • Қоғам
  • Қоғам және заң
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдениет
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Образование без границ
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отандық өнеркәсіп
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өнер
  • Өңір
  • Памятная дата
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Полиция бөлімінен
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Рабочая повестка
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Социальная защита
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.