Нағыз шахтердің күні қалай өтеді? Бұл туралы кеншілер әулетінің өкілі, Орлов шахтасы №3 жерасты өндіру учаскесінің шпур бұрғылаушысы Сергей Поливода айтып берді. Оның шахтадағы жұмыс өтілі 29 жыл немесе 10 500 күннен асады. Сергей Владимирович 1974 жылғы 8 наурызда Семей облысы Жарма ауданының Жарма станциясында дүниеге келген. Әкесі теміржолшы болса, анасы кітапханада жұмыс істеген.
Сергей үш жаста болғанда, оның әкесі Жезкент кентіндегі Орлов шахтасына үңгуші болып жұмысқа орналасты. Сөйтіп, бүкіл отбасы осында көшіп келді. 11-сыныпты бітіргеннен кейін Сергей Өскемен техникалық колледжіне техник-электрик мамандығына оқуға түсті. Оны тәмамдаған соң мамандығы бойынша екі жыл жұмыс істеді, кейін туған ауылына келіп, Орлов шахтасының су төгетін қондырғылары мен жабдықтарын монтаждау учаскесіне дәнекерлеуші болып жұмысқа орналасты. 1996 жылы электромеханик болып, 4-ші өндіру учаскесіне ауысты. Тау-кен жұмыстары учаскесінде үңгілеуші, жарғыш болып жұмыс істеді. 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – №3 жерасты өндіру учаскесінде шпур бұрғылаушысы.
— Мен әдетте таңғы 5-т оянамын. Бұған шахтада жұмыс істеген 29 жыл ішінде бойым үйренді. Жұбайым маған салат дайындап, жұмыртқа қуырады немесе ботқа пісіреді, қою шәй қайнатады. Душ пен таңғы астан кейін мен ауысымға барамын. Жазда алдын ала салқындатылған квас бөтелкесін алып шығамын. Үйден сағат 5.50-де шығамын, өйткені таңғы 6.00-ге дейін «Юность» аялдамасына бірінші автобус келеді. Жұмысқа дейін тура алты минут жүреміз, өйткені ауыл Орлов кенішінен 1,5 шақырым қашықтықта орналасқан. Осы уақытта автобус әрдайым толы, мұнда әріптестер мен таныстарды көруге болады. Өнеркәсіптік алаңға келгеннен кейін шығамыз және кезекпен кәсіпорынның бақылау-өткізу пункті арқылы өтеміз, онда бізді күзетші қарсы алады. Әрқайсымыз турникетке пластик рұқсатнамамызды тигіземіз. Жасыл шам жанған кезде өтеміз, — дейді ол.
Сергейдің айтуынша, ауысым алдында денсаулық сақтау пунктінде бес минуттық медициналық тексеруден өту қажет. Фельдшер қысымды тексереді және жұмысқа кірісуе рұқсат береді.
Сағат 6.30-да ол №3 жерасты өндіру учаскесі бастығының кабинетіне тапсырма алуға барады. Бұл жерде бүкіл бригада жиналады. Олар: бұрғылаушылар, бұрғылаушылардың көмекшілері, жарушы, кезекші электрик және ауысым шебері. Учаске бастығы Данабек Надрханов қауіпсіздік шаралары бойынша бес минуттық ақпарат беріп, жүктеме-тапсырма береді.
— Біз тапсырма кітабына қол қоямыз және жеке қорғау құралдары — қолғап, бетперде, көзілдірік алып, сағат 7.00-де кір жуатын бөлмеге таза киім алу үшін барамыз. Мен өзімнің табельдік нөмірімді айтқанда, таза киім беріледі.Менің жұбайым Наталья да осында жұмыс істейді -, дейді ол. — Мен «Орлов шахтасы» әкімшілік тұрмыстық комбинатының 2-қабатына киім ауыстыратын бөлмеге көтерілемін. Біз мұнда киінеміз. Содан кейін 1-қабатқа түсіп, алкотесттен өтеміз. Құрылғыға үрлегенде, ол менің ағзамда алкогольдің жоқ екендігі туралы сигнал береді. Бұдан кейін кезекші медбикеге жетонымызды береміз. Ал оның орнына ауысымға рұқсат картасын аламын. Әрі қарай, кезек бойынша мен екінші жетонды тапсырамын және шахтерлік шаммен өзін-өзі құтқару құралын аламын.
Біздің кейіпкеріміз каскаға шамды орнатып, өзін-өзі құтқарғышты иығына іліп, жақын жердегі жерасты тамақтану орнына барады. Мұнда олар ауысымға құрғақ рацион алады. Олар әртүрлі: «Қуырдақ», «Бешбармақ», «Бұқтырылған ет», «Тауық еті» немесе балық ассортиментіндегі консервілер. Сондай-ақ жұмысшыларға шұжық, май, шырын, ірімшік, тоқаш, тез дайындалатын кеспе және печенье беріледі. Әдетте, қызметкерлер ауысымда уақытты жоғалтпау үшін бір-екі рет жеңіл тамақ ішеді. Біздің жерасты тамақтану орындарында азық-түлік сақтайтын тоңазытқыштар, қысқатолқынды пеш және үстел мен орындықтар бар.
— Менің жұмыс орным 16-шы кенқабатта орналасқан. Кіреберісте мономатик тұрады. Мен бірден машинаның техникалық күйін, майын, бақылау тақтасындағы датчиктерді, дизель отынының деңгейін тексеремін. Дизель жанармайын құюға және техникалық бақылауға қоямын. Содан кейін тәуекелдерді бағалаймын, қауіптер бар-жоғын тексеремін. Егер, оларды тапсам, жоямын. Содан кейін машинаны жұмыс орнына апарамын. Бұрғылаушы көмекшісі кабель мен су беру шлангтарын реттейді. Осы уақытта мен штанганы тағамын, паспортқа сәйкес шпурларды бұрғылауға кірісемін, — дейді ол.
Жұмыс кезінде мен шпур бұрғылаушының көмекшісімен, шебермен және жарушымен бірлесе жұмыс істейді. Жұмыс аяқталғаннан кейін олар қондырғының техникалық жағдайын тексереді, оны жууға апарады және ауысым бойынша тапсырады.
Сергейдің сөзінше, шахтадағы қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы керек. Бірінші кезекте, жеке қорғаныс құралдарын қолдануға, белгілерге назар аудару керек. Белгіленген бағытты қатаң ұстанып, жұмыс кезінде тәуекелдерді бағалап, оларды жою қажет. Себебі, шахта қателікті кешірмейді.
— Менің жұмыс күнім жеті сағатқа созылады. Бір ауысымда шамамен бір шақырым жол жүремін. Жұмыстың жақсы жағы — ұзақ демалыс, тату ұжым, ауысымның барлық кезеңдеріндегі командалық жұмыс. Жоспардың орындалуы әрдайым баса мән беруіміз керек, өйткені біздің еңбекақымыз соған байланысты. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін шеберге оның орындалуы туралы есеп береміз, техниканы шығарып, жууға апарамыз, содан кейін ауысым арқылы тапсырамыз. Біз тау-кен автобусына мініп, аялдамаға барамыз, содан кейін жер бетіне көтерілеміз. Ол жерде қайтадан алкотесттен өтеміз. Біз шам мен өзін-өзі құтқару құралын тапсырамыз. Душқа барып, кір жуатын бөлмеге кір киімдерді тапсырамыз. Содан кейін үйімізге қайтамыз. Алғашқыда жарым мен үшін қатты уайымдайтын. Бұрын шахтада жұмыс істеуден бас тартуды сұрайтын, бірақ қазір ол менің сүйікті ісіммен айналысатынымды және кәсіпорын мен компанияға пайда әкелетінімді білетіндіктен, келісті. Наталья мені үйде әрқашан дәмді кешкі аспен қарсы алады, — дейді жұмысшы.
Сергей Поливоданың әйелі Натальямен шаңырақ көтергеніне — 29 жыл. Жұбайы шахтаның кір жуатын бөлмесінде жұмыс істейді, жұмысшылардың киімдерінің тазалығын қадағалайды. Сергей мен Наталья Кристина мен Ольга есімді екі қызды тәрбиелеп өсірді. Қыздары Сергей Владимировичке төрт жиен сыйлады. Үлкен қызы Кристина — ветеринар, Ольга — есепші. Екеуі де Өскеменде жұмыс істейді. Жұмыстан бос уақытында Сергей отбасымен бірге тауға шыққанды, балық аулағанды жақсы көреді.
Бахтияр Түлеков,
Орлов өндірістік кешені